Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

СІМ Польша билігінен қазақстандық студенттің өліміне мұқият тергеу жүргізуді сұрады

Қайтыс болған студенттің туыстары мен жақындары олардың жеке өміріне қол сұқпау құқығын құрметтеуді, осы трагедия төңірегінде дүрлігу жасамауды сұрайды.

СІМ Польша билігінен қазақстандық студенттің өліміне мұқият тергеу жүргізуді сұрады
Фото: dziennikwschodni.pl

Қазақстанның Варшавадағы елшілігі Польшадағы қазақстандық студенттің қайғылы қазасына қатысты тергеуді ерекше бақылауда ұстауда. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Польшаның құқық қорғау органдарының мәліметінше, жергілікті полиция кісі өлтірген күдіктіні және оның жолдасын – осы елдің азаматтарын ұстады. Біріншісіне кісі өлтірді деген айып тағылды, ал оның досы тергеуге кедергі келтірді және көмек көрсетпеді деп айыпталуда. Күдіктінің аңшы екені анықталды және қазақстандық студенттер тұрған жаққа оқ атқан. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады.

Қазақстан тарапы Польша билігіне барынша мұқият тергеу жүргізуді және барлық кінәлілерді жазалау туралы өтініш білдірді. Қазіргі уақытта дипломаттар құжаттарды рәсімдеп, марқұмның денесін отанына жіберу бойынша шаралар қабылдауда.

Қайтыс болған студенттің туыстары мен жақындары олардың жеке өміріне қол сұқпау құқығын құрметтеуді, осы трагедия төңірегінде дүрлігу жасамауды сұрайды.

Жақында Польшада белгісіз біреу 16 жастағы қазақстандықты атып өлтіргені туралы ақпарат тарап, Сыртқы істер министрлігі оқиғаға қатысты пікір білдірді. Қайғылы оқиға Польшаның Ополе Любельское қаласында болған.

Айта кетейік, Польшада 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірген күдікті – отставкадағы полицей.