Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Көкшетаулық әкелі-балалы екеу 4 айдан бері көлікті паналап жүр (ВИДЕО)

Ал әйелі күйеуі мен баласын тастап кетіпті.

Көкшетаулық әкелі-балалы екеу 4 айдан бері көлікті паналап жүр (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Көкшетаулық Қадыровтар 4 айдан бері көліктерінде күнелтуге мәжбүр. Айтуларынша, өзге емес, өз достары алдап, жалғыз баспанасын тартып алған екен, деп хабарлады paryz.kz, "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасап.

Баспанасыз қалған әке эпилепсия дертіне шалдыққан ұлымен тар көлікті төрт ай бойы паналап, өлместің күйін кешіп жүр. Бәріне кезіндегі аңғалдығы себеп. Ал әйелі күйеуі мен баласын тастап кетіпті.

"Досым көмекті жылап тұрып сұраған соң сендім. Алдамаймын, уәде беремін деп көндірді. Оған үлкен сома қажет болды. Қолымда мұндай қаражат, әрине, болмады. Сөйтіп, үйіңді кепілге қойып, банктен несие алайық деді. Мейлі деп, оған да көндім. Алайда рұқсатымды алғаны сол еді, қажетті құжаттарды иемденіп алған соң, үйімді өзінің туысқанының атына аударып, ізім-ғайым жоғалып кетті", - дейді қала тұрғыны Эсхажи Қадыров.

15 жыл бұрын болған бұл оқиғадан кейін тұрғын әлгі досын әлі көрмепті. Дегенмен, бәрі ұмыт қалды ма дегенде, 1 шілде күні өкпесі қабынып, ауыр халде жатқанына қарамастан, оны баласымен бірге үйінен қуып шыққан. Кейін несиенің бірде-бір тиыны төленбегені анықталыпты. Салдарынан кепілде тұрған үйді банк қызметкерлері тартып алған. Ал айдың-күннің аманында далада қалған Қадыровтар отбасы әуелі орманды, кейін күн суытқасын көлікті паналауды жөн санаған.

"Таныстарында мені қалдыра тұрып, таксилетуге кетеді. Кейін маған қайтып келіп, алып кетеді. Осылайша көлікте тұрып жатырмыз", - дейді Қадыровтың ұлы Расул.

Тұрғынның тапқан-таянғаны баласының дәрісінен, күнделікті азығынан артылмайтын көрінеді. Ер адам әділдік іздеп Ішкі істер министріне, тіпті, президентке дейін хат жазған. Кейін анықталғандай, алаяқ достары Алматыда қамауға алыныпты. Олар тура осындай амалмен біреуді алдап тұрған сәтінде полицейлердің қолына түскен болып шықты. Дегенмен, тергеудің нақты қанша уақытқа созылары белгісіз. Ал алда қыс келе жатыр.