Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Қарапайым адамға қарапайым маска да жарайды" - Жанна Пірәлиева

Толық жабық маскалар тек инфекционист дәрігерлерге қажет екен.

"Қарапайым адамға қарапайым маска да жарайды" - Жанна Пірәлиева
фото: Азаттық рухы

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша есеп және карантин режимінің сақталуын бақылайтын мониторинг тобының жұмысына арналған брифингте айтты, деп хабарлады baq.kz.  

"Ғылыми зерттеу масканың тиімділігін растады. Медициналық маскаларды тағу коронавирусты тарату ықтималдығын төмендетеді. Мұндай зерттеуді Гонконг пен АҚШ университеттерінің ғылыми қызметкерлері ДДСҰ сарапшыларының қатысуымен жүзеге асырды. Зерттеу қорытындылары ғылыми басылымдарда жарық көрді", - деді ол. 

Піралиева америкалық ғалымдар коронавирусты не тарататынын анықтағанын айтты.

"Принстон университетінің мамандары коронавирустың таралуы бойынша математикалық модельді әзірледі. Ол арқылы мамандар пандемия адам көп шоғырланған жерге баратын тасымалдаушылардан тез таралатынын айтты. Індеттің алдын алу үшін жоғары қорғанышы бар масканы тағудың қажеті жоқ. Толық жабық маскалар инфекционист дәрігерлерге қажет. Медицина саласына қатысы жоқ адамдарға қарапайым маскалар да жарайды", - деді ол.  

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері шеткі елдердің көбі жағдайдың ушығуына байланысты локдаун жариялап жатқанын айтты. 

"Біз қала мен республикада тұрақты жағдайды қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Сондықтан тұрғындарды барлық санитарлық талапты ұстануға шақырамыз", - деді ол.