Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қызылорда облысында халықтың 97%-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды

Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жыл сайын жақсы көрсеткіш көрсетіп келеді. Өңір дамып, қазір индустриалды-аграрлық өлкеге айнаған. Күріштің мекені саналатын облыс тек аграрлық салаға ғана емес, басқа да бағыттар бойынша дамып кетеді. Өңірдің ел тәуелсіздік алған жылдардағы ең басты жетістігінің бірі – халықтың 97%-і орталықтанған ауыз судың халыққа қолжетімді болуы.

Қызылорда облысында халықтың 97%-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды

Мәселен 2021 жылы тоғыз ай ішінде облыста өнеркәсіп өнімінің өндірісі 0,5%-ке,  оның ішінде өңдеу саласында қарқын байқалады – 12,6%-ке артқан. Ал облыстың басты бағытының бірі ауыл шаруашылығындағы өнім өндірісі 2,3%-ке артқан. Жұмысын дөңгелетіп отырған шағын және орта бизнес нысандары саны бойынша 6,6%-ке артты, яғни 47,4 мыңнан 50,6 мыңға дейін өсті. Өңірде құрылыс жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр, бір жылда өсім 2,4%-ке артып, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 3,5%-ке көбейді.

Облыс әкімдігінің ақпаратына сәйкес өткен жылы 110 тұрғын үйдің құрылысы басталды, сол арқылы 2 408 пәтер баспанасын күткен азаматтарға беріледі. Оның ішінде Байқоңыр қаласында 250 пәтерлік 5 тұрғын үй бар. Былтыр 1 608 пәтер бар 94 тұрғын үй пайдалануға берілген.

Шағын және орта бизнесті жүргізу үшін тартылатын инвестиция көлемі де аса маңызды. Облыс бұл жағынан да кенже қалмаған. Мысалы облыс экономикасына 0,1%, оның ішінде 2,6 есе өсім өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемінен байқалады. Бұл – жақсы көрсеткіш.


Әр өңірде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы іске асуы қажет. Бұл облыстағы халықтың жұмыспен, тұрғын үймен қамтылуы, олардың білім беру, денсаулық сақтау, жол инфрақұрылымы секілді мәселелерінің шешілуін көздейді. Сондай-ақ жаңа жұмыс орнын құру мен мемлекеттік, жергілікті жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Соған сәйкес, 2020-2025 жылдарға жоспарланған облыстың индустрияландыру бағдарламасының 3-ші бесжылдығында 46 инвестициялық  жобаны іске асып жатыр. Оның жалпы құны 543 миллиард теңгеден асады. Бұл жобаларды жүзеге асыру арқылы облыста жеті мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бар. 2021 жылы  құны 45 миллиард теңгені құрайтын, қолданысқа түскенде бесжүзге жуық жұмыс орны ашылатын төрт жобаны іске қосу да жоспарланған. Ішінде Қызылорда қаласындағы шыны зауыты да бар. Өңірде бой көтеріні жаңа кен орны мен зауыттың арасында Жаңақорған ауданында «Шалқия» кен орнында тау-кен байыту комбинатының және Арал ауданында кальцийленген сода зауытының құрылысы басталды. Екі жобаның құны сәйкесінше 235 миллиард  теңге және 93,5 миллиард теңге. Баласауысқандық ванадий кен орнын игеру жұмыстары жалғасып жатыр, Шиелі ауданындағы бұл кен орны былтыр желтоқсанда ферромолибден өнімін өндіруді бастады.

Қызылорда облысы ауа райына байланысты су тапшылығы болатын өңірдің бірі. Былтыр өңір қуаңшылықтың зардабын да көрді. Соған байланысты аймақ басшылығы ауыл шаруашылығы өндірісін, әсіресе, егіншілікті әр тараптан жандандыру және суды тиімді әрі үнемдеп пайдалануды мақсат еткен. Ол үшін үкімет Өзбекстанда өтетін үкіметаралық жиында Сырдария өзенінің төменгі ағысына су жіберу көлемін ұлғайту мәселесі бойынша өзара келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ облыста 775 миллион текше метр Қараөзек су қоймасын салу басталады.

Өңірде балық шаруашылығы да дамып жатыр. Облыста 2030 жылға дейінгі өңірлік бағдарламасы іске асып жатыр. Ол тауарлық балық көлемін 16 мың тоннаға дейін жеткізіп, 100 есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді, ал балық өнімдерінің экспорты 2 есе өсіп, 8,5 мың тоннаға дейін жетпек.

Барлық өңірде жұмыссыздық мәселесі бар. Қызылорда облысында былтыр жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ті көрсетті. Сол мәселені шешу үшін жыл басынан бері 27 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, оның 14 114-і тұрақты жұмыс орны болып бекітілген. 849 мүмкіндігі шектеулі қызылордалық жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыс істеп отыр, оның 306-сы тұрақты жұмыс орындарына орналасқан.

Облыста шағын орта бизнесті дамыту мақсатында өңірдің 2023 жылға дейінгі экономикалық даму картасы бар, ол да қарқынды түрде дамып келеді. Қазірге дейін жалпы құны 1,5 мың жұмыс орны құрылған 163 жоба іске қосылды – жобаның шығыны 9,5 миллиард теңге деп есептелген. Оның ішінде 2021 жылы 74 жоба жүзеге асты, 426 адам жұмысқа орналасты.

2021 жылы облыста жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 75%-ке дейін жетті. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске асып тұр. 2020 жылы қала аумағын суару және көгалдандыру жобасын жүзеге асырылды. Оның құны 10 миллион теңге болды. 2021 жылы балалар және баскетбол алаңдарын жөндеу, арық жүйесін қалпына келтіру бойынша 2 жобаны іске асыру мақұлданған, оның құны 19,7 миллион теңге.

Өңірде балаларға да көңіл бөлініп келеді. Мәселен былтыр бірінші қыркүйекке 748 орындық үш мектеп пайдалануға берілді. 300 орындық мектеп Арал ауданы Сексеуіл кентінде салынды, 348 балаға арналған білім ордасы Қызылорданың Саяхат ауданында ашылды. 100 балаға арналған мектеп облыс орталығының Шұғыла ауданында ашылған. Инклюзивті білім беру бағытында 47 мектепке дейінгі ұйымда 27 мектепте инклюзив кабинеті ашылған. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептерде бейнебақылау орнатылған.

Кейінгі жылдары еліміз бойынша шағын және орта бизнеске қолдау көрсету шаралары қарқын алған. Қызылорда облысында да бизнеске несие беру көлемі артқан. Мысалы 2021 жылы Бизнестің жол картасы 2025 және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары аясында және «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жалпы құны 30 миллиард теңгеге 2605 жоба қаржыландырылды, 2020 жылы 23,4 миллиард теңгеге 1 659 жоба қаржыландырылған. Бизнеске деген жастардың белсенділігі артқаны байқалады, 2022 жылы бұл көрсеткіш артады деп жоспарланған.

Қызылорда облысында жастардың дамуы үшін мүмкіндік жасалған, ол ақталып та келеді. Қызылордалық спортшылар былтыр Әлем және Азия чемпионаттарында 66 медаль, оның ішінде 24 алтын, 9 күміс, 33 қола, республика чемпионаттары мен кубоктарында 851 медаль, оның ішінде 270 алтын, 245 күміс, 336 қола жеңіп алған.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында өңірде 7 спорт кешені пайдалануға берілсе, 6 спорт кешенінің құрылысы жалғасып жатыр.

Президент тапсырмасына сәйкес,  облыста 2 156 баланы қамтитын мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржыландыруды 2021 жылдағы 212 миллион теңгеден келесі жылы 4 312 балалар үшін 638 миллион теңгеге  ұлғайту жоспарланған.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша мемлекеттік шығармашылық  тапсырыс шеңберінде 1 522 баланы қамтитын үйірмелерге былтыр облыстық бюджеттен 100,1 миллион теңге қаржы бөлінсе, 2022 жылы 2150 бала үшін бұл қаржыны 301 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды.

Ішкі сұранысты қанағаттандыру да аса өзекті. Сол мақсатқа жету үшін 2%-пен кредиттеу бағдарламасы іске қосылған. Оған облыстық бюджеттен 400 миллион теңге бөлініп,  14 жоба қаржыландырылды.