Коронавирусты кезекші сыныптарда оқитын 186 және қашықтан оқитын 333 оқушы жұқтырып отыр.
Қазақстанда 519 оқушы коронавирус індетіне шалдыққан. Бұл туралы бүгін ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлады paryz.kz.
"Біз күнделікті мониторинг жүргізіп отырмыз. Қазір 519 оқушының індетке шалдыққанын анықтадық. Кезекші сыныптарда оқитын 186 және қашықтан оқитын 333 оқушы коронавирус жұқтырған", – деді Айжан Есмағамбетова онлайн-брифингте.
Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният 3164 баланың коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген болатын.