Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Енді жетпей тұрғаны "Әйелдер ипотекасы" бағдарламасы еді...

Бюджеттен тағы да қаражат жырымдап, біржолата "әйелдерге арналған несие", "әйелдер кеңсесі", "әйелдер жұмысы" деп ерекшелеп, олардан оқшауланған ерлерді ғана қорғансыз етіп қалдыру керек қой...

Енді жетпей тұрғаны "Әйелдер ипотекасы" бағдарламасы еді...
фото: inbusiness.kz

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев әйелдерге арналған ипотека қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлады paryz.kz.

"Әйелдер ипотекасы" бағдарламасы осы жылдың басында іске қосылуы тиіс болатын. Алайда, пандемияға байланысты кейінге шегерілді. Бұл мәселе пысықталып жатыр. Жақын арада оны жария етеміз", - деді ол, Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әлия Айдарбекова Қазақстанда тұрғын үй саласында гендерлік теңдікті жетілдіру мақсатында әйелдерге арналған ипотека жобасы жүзеге асырылатынын айтқан еді.

Жобаны Азия даму банкі 38 миллиард теңге көлемінде қаржыландыратын көрінеді. Енді бюджеттен тағы да қаражат жырымдап, біржолата "әйелдерге арналған несие", "әйелдер кеңсесі", "әйелдер жұмысы" деп ерекшелеп, олардан оқшауланған ерлерді ғана қорғансыз етіп қалдыру керек қой. Ұлттық арнасынан "Әйел бақыты" деген бағдарлама ашқан елден оны да күтуге болады.

Жалпы, біздің билік демократия, гендерлік саясат дегеннің не екенін біле ме екен өзі?