Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Жүк көлігі металл үйіндісіне айналды және оны қалпына келтіру мүмкін емес. Апатқа кінәлілерді Алматы полициясы анықтауда.

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)
Фото: дереккөз

Тежегіші істен шыққан жүк көлігі үш машинаға соғылып, жаяу жүргінші әйелді қағып, бірнеше кедергіні бұзып, жеке меншік аумаққа кіріп тоқтаған деп хабарлады Stan.kz.

Жол апаты Алматыда Дулати көшесінде, Ғаламат шағын ауданына бұрылыстың жанында болған.

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі Дулати бойымен солтүстікке қарай кетіп бара жатқан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, автомобильдің тежегіштері істен шыққан. Артынша көлік бар жылдамдықпен Nissan Maxima-ға соғылған.

Дулати көшесінде жүк көлігімен болған апаттан зардап шеккен жеңіл көлік
соққыдан кейін жүк көлігін басқару мүмкіндігі жоғалғанын түсініп, оның жүргізушісі қозғалыс кезінде кабинадан секіріп кетті, ал көлік қозғалуды жалғастырды.

Шетке шыққан Nissan қарсы келе жатқан жолақтан өтіп, тұрақта тұрған Audi-мен соқтығысқан, ал жүк көлігі жолдың шетінде тұрған әйелді қағып, көшедегі жарықтандыру бағанасын, темір қоршауды, бірнеше ағаш пен трансформаторды бұзып, жекеменшік үйдің үстіне құлады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам зардап шекті. Олар жүк көлігінің жүргізушісі, жаяу жүргінші әйел және Nissan Maxima жүргізушісі. Әр түрлі дәрежедегі жарақаттармен олардың барлығы медициналық көмекке ауруханаға жатқызылды.

Жүк көлігі металл үйіндісіне айналды және оны қалпына келтіру мүмкін емес. Апатқа кінәлілерді Алматы полициясы анықтауда.