Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Олимпиадаға жіберу керек»: 16 келілік гір тасын қазақ әйелі 100 рет көтерді

Мерекелік жиында салмағы 16 келі тартатын гір тасын төбесіне 100 рет көтерген әйел көпті таң қалдырды, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К.-ға сілтеме жасап.

«Олимпиадаға жіберу керек»: 16 келілік гір тасын қазақ әйелі 100 рет көтерді
Сурет: ашық дереккөз

Күші көп келіншектің кім екені әзірге белгісіз.

Facebook әлеуметтік желісінде пайда болған бейнежазба интернетте қызу талқыланып жатыр. Онда жас әйел гір тасын еш қиындықсыз төбесіне көтереді. Ол оң қолымен 100 мәрте көтеріп, кейін тасты жерге тастайды. Ал жиынға келгендер оған қошеметтеп, құрмет көрсетіп жатыр.

Бейнежазбаның қайда және қашан түсірілгені белгісіз. Келіншектің әрекетіне әсіресе ерлер қауымы таң қалып, пікір қалдырып жатыр.

"Еркек басымызбен біз өйте алмаймыз-ау", "Олимпиадаға осы әйелді жіберу керек", "Масқара! Мен 20 рет те көтере алмаймын", "Күшті әйел екен", "Күйеуі де палуан біреу шығар", "Қажымұқан туатын осындай аналар",

— деп түрлі пікір жазды желі қолданушылары.