Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

"Қалай шығып кеткені белгісіз": Бүлдіршін балабақшадан қашып кеткен

Шымкенттегі балабақшалардың бірінен кішкентай бүлдіршін қашып кеткен, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Қалай шығып кеткені белгісіз": Бүлдіршін балабақшадан қашып кеткен
Сурет: ашық дереккөз

Оны іздеуге полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Ақырында бала табылып, мекеменің бес қызметкері сөгіс алды.

Қалалық білім беру басқармасының хабарлауынша, оқиға 1 наурыз күні №60 "Тараз" мемлекеттік балабақшасында болған. 

"Тәрбиеші баланы "Жұлдыз" тобынан әжесіне қарсы алып шыққан. Бірақ бала қашып кетті. Бүлдіршіннің басқаларға байқатпастан, балабақша сыртына қалай шығып кеткені белгісіз", - деп хабарлайды басылым. 

Білім беру басқармасындағылардың хабарлауынша, бала жарты сағатта табылған. Оны іздеуге полицейлер жұмылдырылған. 

Осы оқиғадан кейін, балабақша әдіскері, тәрбиеші, кезекші тәрбиеші мен күзетші қатаң сөгіс алды. Сондай-ақ, мекеме меңгерушісі де сөгіс алып, жауапкершілікке тартылды.