Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Қазақстанда сотталғандарға туыстарымен кездесуге рұқсат беріледі

Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес ұзақ мерзімді кездесулер 2 тәуліктен аспайды және алдын ала жазылу арқылы ұйымдастырылады, деп хабарлады polisia.kz.

Қазақстанда сотталғандарға туыстарымен кездесуге рұқсат беріледі
сурет baigenews.kz сайтынан

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде колониядағы сотталғандарға туыстарымен кездесуге рұқсат беру жоспарланып отыр.  Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес ұзақ мерзімді кездесулер 2 тәуліктен аспайды және алдын ала жазылу арқылы ұйымдастырылады. Ұзақ мерзімді кездесуден шыққан сотталғандар 14 күн карантинге орналастырылып, өзге адамдардан оқшауланады.

«Бұл мекемелерде кездесудің қайта берілу дайындығына баға беретін аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қызметтермен бірлесіп атқарылып жатыр. Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупінің әлі де барын ескере отырып, ұзақ мерзімді кездесулер бір ғана ересек адамға, ПТР-тестілеудің теріс қорытындысы болған жағдайда беріледі және анализ нәтижесінің берілген мерзімнен бастап 5 күннен аспауы тиіс. Бұл ретте қысқа мерзімді кездесулер барлық санитариялық-эпидемиологиялық шараны сақтай отырып, әдеттегідей тәртіпте беріледі», - дейді ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының міндетін атқарушы Есқали Саламатов.

Бұл шаралар сотталғандардың ауруды жұқтырмауы үшін және колонияларда тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау мақсатында қабылданып жатыр.