Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Өркен Кенжебек алғашқы саяхатын қай елден бастағанын айтты

Саяхатшы блогер Өркен Кенжбек дәл қазір Сауд Арабиясының Мәдинә қаласында. Ол Instagram парақшасында қызының туған күнін айтып, алғашқы саяхатын еске алды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Өркен Кенжебек алғашқы саяхатын қай елден бастағанын айтты

Әсия қызым дүниеге келгенде әйелімнің қасында болмадым. Барселонада едім. Ал бүгін Әсиям 5-ке толып жатқанда қызымның қасында емеспін. Себебі, Алла тағала нәсіп етіп, ұмра қажылығын өтеу ниетімен қасиетті мекендерге тағы да келіп қалдым. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) қаласы - Мәдинәдамыз. Одан әрі Таиф, Бадр, Мекке…

 Жалпы, ең алғаш көк паспортты алып, әлемге бірінші саяхатым да осы ұмрадан басталған еді. Сіздерге де осында келуді бұйырсын! Негізі, ұмра я қажылыққа келгеннің сыйы жайлы көп келген ғой хадисте. Мысалы, «Қажылық пен ұмраны қатар жасаңдар. Өйткені, темір, алтын және күмістің дағын көріктің кетіргені секілді қажылық пен ұмра кедейлік пен күнәларды жоқ қылады» дейді

Алла тағала елімізді қияметке дейін аман сақтасын!, - деп жазды Өркен Кенжебек.