Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны 14 баланың анасы атанды деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Көпбалалы ана сәбиін Алматы қалалық Перинаталды орталығында босанды. 7 ұл мен 7 қыздың анасы дәрігерлерге алғысын білдірді.
«Құдайдың бергенін қуана қабылдаймыз, әрине. Бүгінде үлкен отбасы болып отырмыз. Қазір тұңғышымның өзі әке атануға дайындалып жүр. Бастысы басымыз аман болсын», – деді қала тұрғыны Елена Бородюк.
Батыр ананы босандырып алған дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің бойы 55 см, салмағы 4 келіден астам. Қазір ананың да, баланың да денсаулығы бірқалыпты.
«Жоғарғы топтағы қауіп-қатердегі қан кету болғандықтан, бүкіл ұжым болып атсалысып, әйел он төртінші баласын аман-есен босанды. Салмағы 4 келіден асатын қыз бала дүниеге келді», – деді Алматы қалалық Перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Жәмиля Исаева.