Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Парацетамол дәрісі қауіпті болып шықты

BGR басылымының мәліметінше, препаратты артық мөлшерде ішу улануға, бүйректің зақымдануына, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Парацетамол дәрісі қауіпті болып шықты
Фото: ашық дереккөз

Парацетамол бас ауырғанда және дене қызуы жоғарылағанда қолданылады. Алайда ауырсынуды басатын бұл дәрінің адам өміріне қауіп төндіретіні анықталды деп хабарлады paryz.kz"Профиль"-ге сілтеме жасап.

BGR басылымының мәліметінше, препаратты артық мөлшерде ішу улануға, бүйректің зақымдануына, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Таяуда жүргізілген зерттеулер парацетамолдан улану жағдайлары көбейгенін көрсетті. Оны рецептсіз сатып алуға болады, сондықтан адамдардың көбі оны қолданар алдында нұсқауларды оқымайды және қарсы көрсеткіштерді ескермейді дейді.

Ғалымдар дәрі-дәрмек нұсқаулық бойынша қабылданса, қауіпсіз екенін ескертеді.