Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Адам органдарын саудалаған дәрігерлер сотталды

Нұр-Cұлтанда шығарылған үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 
 

Адам органдарын саудалаған дәрігерлер сотталды
Фото: ашық дереккөз

Адам органдарын сатты деп айыпталған отандық дәрігерлерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Еліміздің бас трансплантологы Ғани Құттымұратов 2 жыл 6 айға сотталса, шымкенттік аурухананың бас дәрігері Абылай Донбай мүлдем ақталып шықты. Ал үшінші айыпталушы, Қырғызстан азаматшасы Бермет Тайсаловаға сот 6 жыл жаза кесті.

Бұл үштіктің ішінде қырғызстандық азаматша ғана әу бастан қылмысты білген әрі ұйымдастырған. Ал қос дәрігер ағза саудасымен айналысып жүргендерін мүлдем білмепті.

Бермет Тайсалова 2017-2018 жылдар аралығында шетелде іздеуде жүрген қылмыскерлермен сөз байласып, донор мен реципиенттердің жалған құжатын жасап отырған. Құттымұратов пен Донбай болса, бұл құжаттарға сеніп, адам органдарын алып келіпті. Тіпті, ол екеуі адам органдарын заңсыз алғанын білмеген көрінеді. Ал бас трансплантологқа 2 жарым жыл жаза оның ота кезінде кездейсоқ пациентке ВИЧ жұқтыруына себеп болғаны үшін беріліпті.

Нұр-Cұлтанда шығарылған үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.