Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Оқушылар "Әліппені" алдағы жылы оқиды

"Әліппені" енгізу 2021-2022 жылға жоспарланған.

Оқушылар "Әліппені" алдағы жылы оқиды
Фото: ашық дереккөз

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова жаңа «Әліппені» енгізу мен оқыту кезеңдері туралы айтты деп хабарлайды paryz.kz, holanews.kz-ке сілтеме жасап. 

"Әліппе" Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалуда. Жұмыс тобындағы барлық ғалымдар мен мұғалімдер тарапынан бұл толық қолдау тапты. Өйткені бұл жүйе оқушылардың біліміне қатысты нағыз талаптарды қамтып отырғандығы, оның ішінде әріптер мен дыбыстардың реттілігі ескеріліп пайдаланылғаны аталып өтті", - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

"Әліппені" оқытудың үш кезеңі қамтылған.

"Осы орайда "Әліппеге" дейінгі кезең, "Әліппе" кезеңі, сондай-ақ "Әліппеден кейінгі кезең ескерілген. Осының екі кезеңі "Әліппе" оқулығы арқылы іске асырылады. Ал кейінгі кезең мектептерде "Ана тілі" оқулығы бойынша жүргізіледі", - деді Ш. Каринова.

Бұл тұрғыда ол ата-аналардың ескертулері қаралып, қазіргі дайындалып жатқан оқулықта баланың физилогиялық жас ерекшелігі ескеріліп жазылып жатқанын атап өтті. "Әліппені" енгізу 2 021-2022 жылға жоспарланған.

Биыл тамыз айында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзгерістің аясында мектеп бағдарламасына сәйкес, 1-сыныптарға 1-2 тоқсан "Әліппе", 3-4 тоқсан "Ана тілі" енгізілетінін айтқан еді.