Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда Ashyq жүйесі әзірше жойылмайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Cонымен бірге ол басқа елдерде коронавирустық эпидемияға байланысты жағдайдың нашарлауына қарамастан, Үкімет карантиндік шектеулерді күшейту мәселесін қарастырмайтынын айтты.
– Біз Ashyq жүйесінен әлі бас тартпаймыз. Өйткені, әлемнің 34 елінде індетті жұқтырғандар азаймай жатыр. Сәл шыдайық, сабыр сақтайық. Бетпердемен жүріп, қашықтықты сақтау керек, – деді Е.Тоғжанов.