Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Араб жігіті қазақ қызына үш бөлмелі пәтер сыйлады

Қазақ қызына үйленіп, қалыңмалына 10 млн теңге берген араб жігіті Сұлтан Әзиз елді таңғалдыруын жалғастыруда. Бұл жолы ол келіншегі Динара Мұсабаеваға Шымкенттен үш бөлмелі пәтер алып берді, деп хабарлайды Paryz.kz, Динараның Instagram парақшасына сілтеме жасап. 

Араб жігіті қазақ қызына үш бөлмелі пәтер сыйлады
Сурет: Stan.kz

Қуанышты хабарды Динара Мұсабаева желідегі парақшасында бөлісті. 

Сұлтан Әзиз жұбайына арнап романтикалық кешкі ас ұйымдастырып, сол жерде тосынсый жасады. Динараға бір құшақ гүлі мен үш бөлмелі үйдің кілтін табыстады. 

Динара Мұсабаева мен араб жігіті Сұлтан Әзиздің некелескені жайлы ақпарат желіде тараған еді. Араб жігіті қалың мал ретінде қалыңдықтың анасына 10 млн теңге ұсынды. Динараның айтуынша, анасы бұл ақшаны үйдің жасауына деп қайта әкеліп берген. 

"Альхамдулиллах осы күніме. Алла қосқан жарым 3 бөлмелі пәтер сыйлыққа берді махр ретінде. Анам күйеуімнің әкеліп берген қалыңмалын қосты. Рахмет, анашым, бізді қолдағаныңызға", – деп жазды Динара Мұсабаева. 

Мұсабаева жолдасымен қалай танысқанын да оқырмандарына айтқан.

"2020 жылы ақпан айында мен құрбыммен Сауд Арабиясына ұшып барған болатынмын.Сол кезде Riyadh season болып жатқан, соны тамашалап бардық.Осы кезде достарымыз менин күйеуіммен Султанмен таныстырған болатын. Сол сәттен екеуіміз  жақсы арласа бастадық", - деп, жазды Динара.