Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Алматы облысында трассада көкпар тартқандар жазаланды (ВИДЕО)

Айта кетейік, көкпаршылардың видеосы әлеуметтік желіге тарап, халық наразылығын тудырған болатын.

Алматы облысында трассада көкпар тартқандар жазаланды (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысында сүндет той өткізіп, соның құрметіне көкпар ұйымдастырғандар жазаланды. Трассаның қақ ортасында тәртіп бұзған көкпаршылар Қарасай ауданының тұрғындары екені белгілі болды, деп хабарлады paryz.kz.  

"1 қараша күні полицияға Алматы-Жандосов жолында көкпар ұйымдастырылып жатқандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Тәртіп сақшылары анықтағандай, ұлттық ойынды Долан ауылының 38 жастағы тұрғыны ұйымдастырған. Ол бес жастағы ұлын сүндетке отырғызу құрметіне көкпар ұйымдастырған. Ер азамат полиция бөліміне жеткізілді", - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

38 жастағы тұрғын карантин талаптарын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік кодексінің 434-бабы 1-тармағына сәйкес жазаланатын болады. Оған қатысты іс тиісті органға жолданды.

Айта кетейік, көкпаршылардың видеосы әлеуметтік желіге тарап, халық наразылығын тудырған болатын.