Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

«Әкімдіктерде тапсырманы орындау тәртібі ақсап тұр» - Аружан Саин

ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин қаңтарда қамалған жасөспірімдер, мүгедек бүлдіршіндер, балалар жылы туралы Halyk-uni.kz-не берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Әкімдіктерде тапсырманы орындау тәртібі ақсап тұр» - Аружан Саин
Сурет: Halyk-uni.kz

2019 жылы омбудсмен лауазымына тағайындалғанда Қасым-Жомарт Кемелұлына нақты 7 ұсыныс айттым. Онда азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдар, мүгедек балалардың ата-анасының өтініштері бар еді. Осы қызметке тағайындалғаннан бастап біздің билік орындарына ықпалымыз күшейді.


Алайда бәрі ойлағандай бола бермейді. Көп мәселе жергілікті атқарушы органдарына байланысты. Олардың да күні заңдар мен нормативті актілерге қарап қалған. Кей жағдайда сол құжаттар балаларға көмек көрсетуге мүмкіндік бермейді. Одан бөлек, тапсырманы орындау тәртібі де ақсап тұр. Сол атқарушы органдар тапсырманы немесе заң нормасын ысырып қоя салады. Сондай-ақ жемқорлық мәселесі де үлкен қауіп туғызады. Бөлінген ақша балаларға жетпей, жолдан жырып әкетеді.


Сондықтан біз бірнеше бағытта жұмыс істей бастадық. Сонау «Милосердие» қорының басшысы болып тұрған кезде балалардың мүгедектікке тап болу мәселесін көтергенбіз. Сол жұмысымызды жалғастырып келеміз. Ондағы мақсат - баланың есту, көру қабілеті немесе жүйке жүйесіне қатысты қиындықтарын ерте бастан анықтап, дер шағында көмек көрсету еді. Сол кезде бала мүгедек болып қалмайды. Бірақ осы іске келгенде біздегі жүйе қателікке ұрынды, - деді еліміздегі балалар омбудсмені.