Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ұшақта тәртіп бұзған адам, ұшуға шектеу алуы мүмкін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиевтің төрағалығымен азаматтық авиацияны дамыту мәселелері бойынша салалық кеңес өтті, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyk-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұшақта тәртіп бұзған адам, ұшуға шектеу алуы мүмкін
Сурет: Ria.ru

Комитет төрағасы Талғат Ластаев келтірген деректер бойынша, ИКАО-ның Үйлестірілген валидациялық миссиясы шеңберінде халықаралық аудиторлардың тәуелсіз тексеруі қорытындысында Қазақстан ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 84%-ға дейін көтерді. Бұл - орташа әлемдік көрсеткіштен 15% жоғары.

Сондай-ақ әуе компанияларына ұшуға шектеу қойылатын адамдардың жеке тізімін жасауға мүмкіндік беретін норма енгізілмек. Оған ұшақта тәртіп бұзған және онысы заңмен дәлелденген адамдар ғана енуі тиіс, – дейді ИИДМ.

Елімізде әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту аясында қазір 6 нысанда жұмыстар жүріп жатыр. Олар - Шымкент әуежайының жаңа терминалының құрылысы, Орал әуежайының терминалын, Қостанай әуежайының аэровокзал кешенін, Өскемен әуежайының ұшу-қону жолағын, Үржар және Үшарал әуежайларын жаңғырту жобалары.

Кеңесте саланы әуе отынмен қамтамасыз ету, тарифтік саясат және мамандарға қатысты мәселелер талқыланды. Жыл сайын мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстарына байланысты авиаотын тапшылығы туындайды. Қазір жағдайы біршама тұрақтанды, алайда мәселені жүйелі шешу үшін ИИДМ қысқа және ұзақ мерзімді перспективаға ұсыныстар дайындап, олар Энергетика министрлігімен бірге пысықталуда, – делінген ақпаратта.

Алдағы екі жылда ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сәйкестік деңгейін 90%-дан асырып, ИКАО аудитінен сәтті өту негізгі міндет болып отыр. АҚШ-қа тікелей рейстер ашу шеңберінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен АҚШ-тың көлік қауіпсіздігі әкімшілігі арасындағы ынтымақтастық жалғасады.