Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Қалың малы құрысын!»: Араб күйеу баласына қарсы әженің зәресі ұшты

TikTok желісінде қазақ қыздың әжесіне араб жігітіне тұрмысқа шығамын деп қалжыңдады. Болашақ араб күйеу баласы қалың малға 10 миллион теңге беретінін айтып, әжесінің зәресін одан бетер ұшырды деп жазды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

«Қалың малы құрысын!»: Араб күйеу баласына қарсы әженің зәресі ұшты
Сурет: Turkystan.kz

«Қалың малы құрысын! Кез келген қазақтың жігіті саған қолын кел деп созады. Кез келген қазақ жігіт сен үшін жақсы жар. Қазақтар ондай ақша бермей-ақ қойсын. Өзіңді ойлашы!» – деді күйінген әже.

Бойжеткен қазақ жігіттердің 10 миллион бермейтіндігін айтып өтті.

«Ойбай, бермей-ақ қойсын. Құдай-ау, 10 миллионы құрысын. Көк тиын, бәрі болады ғой. Зейнетақымды беремін. Елге күлкі боламыз ертең» – деп немересінің абыройын уайымдаған әжесі кеудесін ұстады.

«Әже, қазір ақша билеген заман. Менің көк тиінім жоқ, ертен қалай отырамын, ойласай. Сенің 100 мың теңгең түкке де жетпейді. Маған сондай бай адам керек. Араб деген ол да мұсылман ғой. Ел не демей жатыр? Күлкі болмайсың» – деді қалжың үшін айтқан немересі.