Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ата-тегіне қатысты ерекше дерек айтылды

Белгілі ақын, елге Айтман деген атпен белгілі Светқали Нұржан Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың болмысына, шыққан тегіне қатысты айрықша пікір білдірді. 
 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ата-тегіне қатысты ерекше дерек айтылды

Ол журналист Абай Сейфуллаға жалайыр руынан шыққан бір ғалым, шенеунік жігіттің Қасым-Жомарт Тоқаевты «харизмасы жоқ, уақытша адам, патша болатын адамның сипаты басқа болады» деген пікіріне қалай жауап қатқанын айтып берді. 

 2019 жылы Назарбаев Президент қылып өз қызы Дариғаны немесе Маминды не Мәсімовты қойғанда не қылатын едің?! Дым да қыла алмайсың, Бес күн әлеуметтік желіде шәуілдейсің. Тіпті, бес күнге де жеткізбейді, үш күнде үніңді өшіреді. Сосын Құдай біледі, тағы қанша жыл отыратыныңды. Ал отыз жыл бойы харам дарияда жүзіп жүріп, үстіне бір харам дақ жұқтырмаған адамды әкеліп отырған кім? Бұл дүниенің өзгерісі емес пе?! Мен неге ондай адамның тілеуін тілемеуім керек?! Құдайдың ісі ғой бұл. «Қызыр Ғалайссалам назарын салмаса есек базарға да делдал бола алмайсың» деген сөз бар. Бұл – бір. Ондай таза адамға Құдайдың періштелері, әулиелер жәрдемге келеді. Оның қасына кемел ұлдар мен салих құлдар жиналады. Сол кезде көресің сен қазақтың салтанатын. Қазақты жерге тығам, құртам, тілін тезек қылам, 30 жыл табаныма салып таптадым, шылғау қылдым, өшірдім деп жүргендердің ертең қазақтың құнының, кегінің алдында қалай жауап бергенін көресің дедім,- деп әңгімелейді ақын. 

Сонымен бірге ол Тоқаев шыққан жалайыр руының тарихтағы рөлін де айтып өткен. 

Жалайыр деген күллі үш жүздің ноқта ағасы. Шыңғыс қаған бабамыздың садағын сары сағымға ілдіргізіп жүрген жалайырлар ғой. Сонау Мысырға дейін қандай қызмет атқарғандары белгілі . Жеме-жем, талқылы тұста, тарихтың ең тар өткелінде сол жалайырдың ұрпағын қазаққа басшы қылып әкеліп отыр. Мұнда заңдылық бар емес пе?!, - дейді Светқали Нұржан. 

С.Нұржан Президенттің алған білімі, дәрежесіне қатысты да ойымен бөлісті. 

Бұл кісі 53 тілде дәріс беретін әлемдегі жалғыз оқу орны МГИМО-да 8 жыл оқыды. Бізді неше ғасыр табанына салып жаншыған Ресейдің ішкі-сыртқы білімін жинады. Одан кейін Қытайда қызмет етті. Қытай империясының бізге қандай қауіп екенін білеміз ғой. Ол туралы – Қытайдың «жұмсақ күші» туралы еңбек жазды. Сөйтіп Еуропаға барып дүниежүзілік саясатқа араласты. Одан кейін Қазақстанға алып келді. Құдайдың берген пітір-иманының арқасында өзін таза сақтады. Мұның бәрі Құдайдың заңдылығы. Қазақта «болар ердің қосын жек» деген сөз бар, - деп пікір білдірді ақын сұхбатында.