Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Нигериялық Джесси және қазақстандық Зайда махаббат сырымен бөлісті

Махаббат жасқа, ұлтқа, тілге, дінге, нәсілге қарамайды деп жатамыз. Мұны дәлелдеп жүрген жұптар да бар. Соның бірі - нигериялық Джесси және қазақстандық Зайда, деп хабарлайды Paryz.kz, Baribar.kz-ке сілтеме жасап. 

Нигериялық Джесси және қазақстандық Зайда махаббат сырымен бөлісті
Сурет: Baribar.kz

Жасым 30-да, Атырауданмын. Жолдасымның есімі — Джесси, Нигерия азаматы, жасы 33-те. Джесси 2019 жылы Қазақстанға келіп, Атыраудағы білім орталығында ағылшын тілінен сабақ береді. 2020 жылы мен де қосымша табыс табу мақсатымен сол орталыққа кешкі ауысымға жұмысқа орналастым. Алғаш сол жерде таныстық.

Әуеліде Джессимен дос ретінде араластық. Онымен жұп болуды ойлап та көрмеппін. Таныстығымыз пандемиямен тұспа-тұс келді. Карантинде барлығымыз үйден шықпай, оқшауландық. Біз тұрған аумақта эпидемиология ахуалы ушыға бастады. Сол кезде Джесси WhatsApp арқылы жағдайымды сұрап, жазып тұратын. Осылай онлайн сөйлесіп, бір-бірімізді жақын тани бастадық. Кейін біраз уақыт өткен соң кездесіп, қарым-қатынасымызды жұп ретінде жалғастырдық. 7 ай өткен соң Джесси маған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Ал мен «иә» дедім,  - дейді Зайда. 

Ата-анасы «қызымыз басқа елге кететін болды» деп уайымдап, алысқа жіберуге қимады. Дегенмен күйеу баласының қара нәсілді болатыны үшін айқай-шу шығарған емес. Үйлерінде бес ағайынды: төрт қыз, бір ұл. 

Ал Джессидің отбасы өте көңілді. Отбасы құрғымыз келетінін естігенде қатты қуанды. Оларға келіннің ұлты мен нәсілінің еш маңызы болмады. Джесси үйдің үлкені, артынан ерген екі інісі бар. Бір қызығы, жолдасым әулетінде отбасы құрған және шетел азаматына үйленген ең алғашқы немере екен.

Өзім қанша адам болса, сонша пікір болатынын түсінемін. Сол себепті айтылған сөздерді көңіліме алмаймын. Жалпы өзім де тез ренжитін адам емеспін. Жолдасым да мен сияқты. Керісінше, менің көңіліме қарап, уайымдайды, - дейді қазақ қызы. 

Зайда жалпы шетел азаматына тұрмысқа шығу туралы пікір білдірді:

«Шетел азаматына тұрмысқа шығыңыз немесе шықпаңыз» деп ешкімге айта алмаймын. Себебі мәселе ұлтта, елде емес, адамның өзінде.  Жаман адам Қазақстанда да, Африкада да, басқа елдерде де бар. Дәл сол сияқты жақсы адам да көп. Болашақ жарыңыздың жүрегіне, адамгершілігіне қарап, әркім өз таңдауын жасауы керек.