Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Бір топ полиция қуды"- марафоншы қаза болғандарды еске алғысы келген

13 ақпанда Нұр-Сұлтан мен Ақмола облысының кей өңірлерінде Қаңтар қырғынында қаза болғандарды еске алып, қаралы митинг өткізуге тырысқандардың үйін полиция күзетіп, кейбірін көшеден алып кеткен, деп хабарлайды Paryz.kz, Азаттық Радиосына сілтеме жасап. 

"Бір топ полиция қуды"- марафоншы қаза болғандарды еске алғысы келген
Сурет: azattyq.org

Танымал марафоншы Марат Жыланбаев та бұл күні үйін полиция өкілдерінің қарауылдағанын айтады. Ол жекеменшік үйінің басқа қақпасынан көлігімен шығып, Нұр-Сұлтанда митинг өтуге тиіс қалалық әкімдік маңына келген.

Көлігімді әкімдікке жақын маңдағы стадионға қалдырып, әкімдікке дейін жүгіріп келдім. Полиция байқап қалып тоқтатпақшы болды. "Жүгіріп жүрмін" деп әрі қарай кете бердім. Бір топ полиция қуды. Әкімдік алдын қоршап қойған шарбақтан секіріп өтіп, мойныма салып алған Қазақстан туын жайып ұстап жүгіре бердім. Ұстап алып Сарыарқа аудандық полиция бөлімшесіне әкелді,- деді ол.

Ол жерде марафоншыны суретке түсіріп, шетелдегі оппозиционер Мұхтар Әблязовқа қатысы бар-жоғын сұраған.

Тоқаевтың бұйрығынан кейін полиция мен әскердің бейбіт адамдарды атқанына 40 күн болды. Соны еске алуға келдім дедім. Үш сағаттан соң жіберді. Бұл жер маған бұрыннан таныс, осымен төртінші мәрте келіп тұрмын,- дейді Жыланбаев.