Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Нәзік жандылар еліміздегі жалпы ғалымдар санының 54%-ын құрайды

Бүгін әлемде ғылымдағы әйелдер мен қыздар күні атап өтілуде. Осыған орай Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ғалым қыз-келіншектерді құттықтады, деп хабарлайды Paryz.kz, Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Нәзік жандылар еліміздегі жалпы ғалымдар санының 54%-ын құрайды
Сурет: www.rbc.ru

Қазақстандық ғылым саласында 10 мыңға жуық әйел бар. Олардың 714-і ғылым докторы, 2427 әйел – ғылым кандидаты, 992-сі – PhD докторы, 28-і – бейіндік докторлар. Осыншама нәзік жандар ғылым саласында тынымсыз еңбек етіп жүр.

Жыл сайын ғылымдағы әйелдер саны артып келе жатқанына қуаныштымын. Бүгінде олар еліміздегі жалпы ғалымдар санының 54%-ын құрайды. Коронавирус пандемиясымен күрес кезінде ғалым әйелдер аянбай еңбек етті. Мысалы, Закарья Күнсұлу Дальтоновнаның басшылығымен Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында COVID-19-ға қарсы қазақстандық QazCovid-in (QazVac) вакцинасы дайындалды. Ғылымдағы нәзік жандарды халықаралық мерекемен құттықтаймын. Отандастарымыздың өмірін жақсарту үшін және еліміздің ғылым саласын дамытуда атқарып жүрген баға жетпес қызметтеріңіз үшін алғыс айтамын. Биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспін, - деп жазды министр Facebook парақшасында.