Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Ойыл өзеніне қатысты жасөспірімнің ұсыныстарын мемлекеттік органдар талқылады

Осыдан бірнеше күн 7-сынып оқушысы Әлім Мұстахимның Ойыл өзенінің болашағына қатысты ұсынысы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.Ақтөбелік оқушы өзенді құтқару бойынша бес ұсынысын айтып, мәселесін тиісті мемлекеттік мекемелерге жіберуді сұрады, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyk-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

Ойыл өзеніне қатысты жасөспірімнің ұсыныстарын мемлекеттік органдар талқылады
Сурет: Halyk-uni.kz

Экология министрлігі «Казгидромет» мәліметіне сүйеніп, соңғы 20 жылда қыс маусымы кезінде жауын-шашынның аз болуы Ойыл өзенің тартылуына әсер еткен басты себептердің бірі екенін жеткізді. Одан бөлек, ведомство баспасөз қызметі биыл Ойылда құрғақшылық бола ма, өзен арнасы тағы қанша қысқаруы мүмкін деген маңызды сұрақтарға жауап берді.

«Казгидромет» мәліметінше, биыл Ойыл өзені бассейнінде ылғалдылық 44,9% кем болады деп күтіліп отыр.

Ойыл өзенінің бассейнінде көктемгі су тасқыны ағысының алдын ала күтілген көлемі 32-48 млн текше метрді құрайды, нормасы 218 млн м3. Бұл алдын ала болжам, «Қазгидромет» алдағы уақытта 1 наурызға және 1 сәуірге арналған негізгі болжамды жасайды, - делінген Экология министрлігінің жауабында.

Жалпы, Ойыл өзенінің тағдырына қатысты мәселе бірнеше жылдан бері айтылып келеді. 

2021 жылдың қыркүйек айында Экология министрлігі Ойыл өзеніне талдау жүргізіп, өзен суы 233 млн текше метрге (25%) дейін төмендегенін мәлімдеді