Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Әскерге барып келгендер оқуға түсерде жеңілдік алулары мүмкін

Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында сенатор Бекболат Орынбеков әскери қызметке шақырумен байланысты жүйелі мәселелерге назар аударып, оларды шешу үшін бірқатар ұсыныстар айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Inform.kz-ке сілтеме жасап. 

Әскерге барып келгендер оқуға түсерде жеңілдік алулары мүмкін
Сурет: Sn.kz

Депутат бұл мәселені қаңтар айында болған қайғылы оқиғадан кейін Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы де көтергенін атап өтті. Сенатор жастардың мерзімді әскери қызмет өткеруге деген ынтасы жоқ екенін атап өтті.

Мәселен, 2021 жылы жергілікті әскери басқару органдарында 215 мың 105 адам мерзімді әскери қызметке шақырылуға тиіс болып, оның ішінен қарулы күштерге және басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға 32 мың 064 адам шақырылды. Қалған 183 мың 041 адам немесе әскерге шақыруға жататын жастардың 85 проценті түрлі себептер бойынша әскерге шақырудан кейінге қалдырылды немесе толығымен босатылды, - деді депутат.

Сенатор өзінің депутаттық сауалында Үкіметке әскерге шақыру-есепке алу жұмысының сапасын жақсарту және жастарды әскери борышын орындауға ынталандыру үшін бірқатар нақты ұсыныстар жіберді.

Мерзімді әскери қызмет өткерген жастарға оқуға қабылдау емтихандарын тапсыру кезінде қосымша балдар беруге, мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде техникалық және инженерлік-құрылыс мамандықтары бойынша оқытуды одан әрі жұмысқа орналастыру үшін ұйымдастыруға болады, - деді депутат.