Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Көңіл сыйса, бәрі сыйады": Алматылық Сәниямның барлық мұқтаж жандарға көмектескісі келеді

Алматы облысының тұрғыны Сәниям Мұхамедсадықова өз үйіне қиын жағдайда қалған сегіз зейнеткер мен мүгедекті паналатып, әрқайсысына ерекше күтім мен қамқорлық танытып, бір отбасыдай күн кешуде, деп хабарайды Paryz.kzStan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Көңіл сыйса, бәрі сыйады": Алматылық Сәниямның барлық мұқтаж жандарға көмектескісі келеді

Сәниямның үйіндегі зейнеткерлердің бірі Ольга Беспалова. Ол ұлының қорлауы мен келіспеушілігінен шаршап өз үйінен кеткен. 

Ол жақта мен өз балама кедергі келтіргендей сезіндім. Ас үйге кірсем сол мезетте олар шығып кететін. Дұрыс істемейсің деп жақтырмайтын. Олардың айтқан сөздері жаныма ауыр тиіп, бөлмеме барып жылайтынмын. Ал қазір мына жақта жағдайым жақсы. Бәрі мені құрметтейді, жақсы көреді. Соня өте жақсы адам. Ондай болу екінің бірінің қолынан келе бермейді,- деді зейнеткер Ольга.

Бұл үйдегі тұрғындардың әрқайсысының қиын тағдыры болған. Мәселен Александр Неворотов 8 жыл бұрын қант диабетіне шалдығып, бір аяғынан айырылған. Төрт жылдан кейін екнішісін ампутациялауға тура келген. Кейін әйелі мен ұлы қайтыс болып, қайғыдан қан жұтқан қарияға Сәниям көмектесіп, оны қарттар үйіне апармауға, өзі қарайласуға септігін тигізген. 

Біз ел қатарлы өмір сүрудеміз. Арамызда жанжал шығып, ұрысып көрген емеспіз. Міне бүгін менің осы жерге келгеніме төрт жыл, бір күн болыпты. Есімде 7 ақпан күні түнгі сағат 12-де Төлебаев көшесінен алып келген болатын. Осындай отбасы тапқаныма мен қуаныштымын,-дейді Алкесандр.

Сәниямның бұл қайырымдылық ісі 6 жыл бұрын басталған. Алғаш рет саябақтағы орындықта күні бойы отырған қарияны көріп, тастап кете алмай, өзінің үйіне алып келген. Ол қария Сәниямның шаңырағында 4 жыл тұрған соң, үйленіп бөлек кеткен. Алайда Сәнияммен байланысын үзбеген. Осынша жылдар бойы мейірімді келіншек 15 адамды үйіне паналатқан. Сәниямның отбасында қазір 8 адам тұрып жатыр. Өзінің екі перзенті бар мейірімді анаға мүгедектерге қарасу үшін жұбайы көмектеседі. 

Мен интернатта тұрдым. Сол кезде ұстаздарымыз бізді қайырымды болуға үйреткен болатын. Олар бізге егер шамаң келіп тұрса көмектес, тамақ алып бер, үйіңе апар деп үнемі айтатын. Үйіміз қандай болса да паналайтын жеріміз. 80 шаршы метр әрине, үлкен емес. Алайда көңіліміз сыйғасын, бәрімізде сыйып, тату өмір сүрудеміз,-деді Сәниямның өзі.

Барлық мұқтаж жандарға көмекесуге дайын Сәниям жұбайы екеуі қиын тағдырлы жандарға көмектесу үшін үлкен ғимарат салғысы келеді. Қазіргі таңда баспана құрылысы жүргізілуде. Мемлекеттен қандай да бір көмек күтпей-ақ өз күштерімен тырысуда.