Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Комитет төрағасы: "Балабақшаларда проблемалар бар екенін білеміз"

Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласына енгізілген өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды Paryz.kz, baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Комитет төрағасы: "Балабақшаларда проблемалар бар екенін білеміз"
Сурет: Aikyn.kz

Гүлмира Кәрімова атап өткендей, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – бұл баланы толыққанды тұлға етіп қалыптастыратын білім берудің бірінші дейгейі.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісінде тәрбиеленушілер контингенті жыл сайын артып келеді. Дегенмен мемлекеттік саясат мектепке дейінгі ұйымдарды қамтумен ғана емес, осы деңгейдегі қызмет сапасын арттыруды да көздейді. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында республика бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға кезектің бірыңғай базасы құрылады. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде бірқатар проблема бар екенін бәріміз білеміз, - деді ол. 

Сонымен бірге білім беру мақсатын, міндеттерін, құндылықтары мен қағидаттарын айқындау үшін жаңа тұжырымдамалық құжат мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың моделі бекітілді.

Балаларды ерте дамытудың институтын құруды қамтитын модельді іске асыру жоспары әзірленді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ойын және коммуникативтік дағдыларды дамытуға бағытталған әрекеттер арқылы іске асады. Алдағы жылы мектепке дейінгі білім беруге қатысты бірқатар нормативтік құжатқа өзгерістер енгізу көзделген, - деп айтты комитет төрағасы.

БҒМ өкілі аппарат отырысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандарттары, үлгілік оқу жоспарына өзгерістер енгізіліп жатқанын айтты. Сонымен қатар мемлекеттік тапсырыс орналастыру ережесі, мемлекеттік қызметтерді көрсету ережесі жетілдірілуде.

Одан бөлек, мемлекеттік тапсырысты орналастыруда тәрбиеленушілерге жасалатын жағдайларға талаптар күшейтілген.