Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

ДСМ ресми өкілі қызметінен кетті

Ол қызметінен ведомствомен жанжалға байланысты кетті деген қауесетті де жоққа шығарды.

ДСМ ресми өкілі қызметінен кетті
Фото: tengrinews.kz

Бағдат Қожахметов Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі қызметінен кетті, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі Қожахметовпен келісімшарт бұзылғанын хабарлады.

"Тараптардың келісімі бойынша 2020 жылы 29 қазанда келісімшарт бұзылды. Сонымен қатар, министрлікте Б.Б. Қожахметовтің алдағы жұмыс орны туралы мәлімет жоқ екенін хабарлаймыз", - деп жазды ведомство өкілдері.

Қожахметов телефон арқылы берген сұхбатында өзінің кетуін "миссиясын орындағанымен" түсіндірді. Енді ол бизнеске көбірек уақыт бөлгісі келеді.

"Мен ерікті түрде көмектестім. Дәрігерлер мені үш рет өлімнен құтқарды. Коронавирус жұқтырып, сауықаннан кейін ақ халатты абзал жандарға алғыс ретінде оларға коммуникацияны реттеуге көмектесу парызым деп шештім. Медиа орталық құрып, жақсы баспасөз хатшысын табуға көмектестік, біз жүйені ретке келтірдік. Қазір бәрі жұмыс істеп тұр, яғни менің функциям орындалды. Өз бизнес-жобаларым бар, оларға көбірек көңіл бөлуім керек", - деді Бағдат Қожахметов.

Ол қызметінен ведомствомен жанжалға байланысты кетті деген қауесетті де жоққа шығарды.

"Қандай дау болуы мүмкін? Олар риза, барлығы бақытты", - деді ол.