Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Журналист саяси өзгерістер туралы: «Асыққан — шайтанның ісі»

Адамды, тіпті қоғамды да адастырмайтын қасиет, ол — шындықты мойындау! Ендеше біз осы ұстанымда болып, өткен шерудің әділ бағасын беруге тырысып көрелік. Назарларыңызға журналист Геройхан Қыстаубаевтың Abai.kz порталында жарық көрген сараптамасын ұсынамыз. 

Журналист саяси өзгерістер туралы: «Асыққан — шайтанның ісі»
Сурет: qazaqtimes.com

Мәселен, осы шеру бейбіт өтті ме? Жоқ! Қирату, өртеу, тонау, адам өлтіру, т. б., бәрі болды! Өз көзімізбен көрдік. Шерудің нәтижесі бейбіт емес, қырғын болды. Шындығы осы.

Енді ойланайық. Мұндай топалаңды қалай тоқтатуға болатын еді? Әділдіктен аттамасақ, бұл сұрақтың жауабы жалғыз ғана: оқпен!

Әлемде қанша мемлекет бар, бәрі дерлік осылай жасайды! Тіпті, «әділдік пен демократияның» отаны деген АҚШ та, Еуропа да.

Егер бұлай жасамаса, онда ол мемлекет құлайды! 

Қазір халық арасында: «Мәсімов Президентті тұтқындауға дайындалып жатқанда, Президент   шұғыл қимылдап, оның өзін тұтқындап үлгерді» деген және «Шерушілер арасында ұйғыр ұлтының жастары өте көп болды әрі топ-тобымен бірге жүрді» деген әңгіме желдей есіп тұр. Басқаны қайдам, мен өзім бұл сөзге сенемін. Себебі, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен кейін, 3-4 күн өтпей-ақ, ұйғыр халқының 200-дей өкілі «Шампан зауыты» директоры — А. Карапетянның басқаруымен Горбачевке: «Бізге автономия беріңіз» деп хаттама жазып жатыпты. Бұл туралы кезінде марқұм Төлеген Әлжанов БАҚ-тарда жазды, ТВ-да талай айтты.

Енді қараңыз. Шындыққа тура қарап тұрып айтсақ: қазақ мемлекетін сақтап қалған — Тоқаевтың Мәсімовтен шапшаң қимылдағаны және оқ атуға бұйрық бергені! Ойланыңыздар. Егер осы екеуінің біреуі болмағанда, онда қазақ бүгін мың-мыңдап қырылып, ең бастысы — мемлекетінен айырылып қалар еді! Мысалы, ол жағдайда Мәсімов уақытша болса да — Президент, ал Тоқаев — түрмеде отыр деп, жай ғана ойлап көріңізші. Бұлай болуы мүмкін емес сияқты, иә. Жоқ. Әбден мүмкін еді. Әлемнің көптеген елдерінде орын алған құбылыс, бұл. Елде азамат соғысы орын алып, бүкіл Қазақстан отқа оранар еді!

Әрине, 225 адам емес, бір ғана адамның қазасы үлкен қайғы. Әсіресе жазықсыз қыршын кеткен жастардың, бүлдіршіндердің өлімі ауыр-ақ! Амал қанша? Талқаны тауысылған болар. Болмаса, Тоқаев билігі теледидар, радиодан әр жарты сағат сайын қайталап: «Төтенше Жағдай енгізілді. Коменданттық сағат орнатылды. Үйден шықпаңыздар. Террористерді жою шарасы жүріп жатыр. Өмірлеріңізге өте қауіпті» деп, айтып, екі күн бойы жалынды. Интернет жоқ болса да, қауіпті аймаққа енген адамға ұялы телефоннан осындай СМС хабарлар келіп тұрды. Бірақ, соғыстың аты — соғыс, мұндай өкініштерден сақтана алмайды екенсің.

Енді, тірі адам тіршілігін жасау керек қой. Не істейміз?

Тап осы күндері «Құлкланның» (Мәсімов тобының) соңғы аяқ серпуі болып жатыр. Оның күші әліде сарқылған жоқ. Тоқаев қазір «Құлкланның» ең жоғарғы басшы өкілдерінің өзінен де толық құтылып үлгірген жоқ. Бұған қоса, орта буын басшыларын тіпті, әлі «түртпеді» де. Бірден бәрін «тазалау» — мемлекетті жансыздандыру болмайды. Міндетті түрде біраз уақыт керек. Осыны жақсы білетін, қазірше «аман» жүрген «Құлкланның» орта буын өкілдері, қарап отырсын ба, қолынан келгенше қоғамды қайта дүрліктіруге, өздерінің төменгі буыны — «қармақтағы» үлкен, өте көп азғын тобын барынша іс-әрекетке жегуде. Олар желіде бұрқыратып пост, коммент жазып, ауыздарынан «боқ шашып» Тоқаевты, Тоқаевты қолдағандарды, яғни елдің тыныштығын ойлағандарды «жерден алып, жерге салып» жатыр. Түрмедегілерді азаптау, жазықсыздарды қудалау деген тақырыпта «өтірікті — шындай, шынды — Кұдай ұрғандай» етіп, барынша әсірелеп беріп жатыр. Соларын зер салып оқысаңыз, мақсаттары қоғамды тағы да дүрбелеңге тарту екенін байқайсыз.

Бұлар тапсырма орындап, «көріп үріп» жатқандар десек, бұларға қосылып түк «көрмей үріп» жатқандарды айтсаңшы. Мәселен,  «Құлкланның» «қармағындағы» бір сымбатты «танаға» бірнеше жалғыз басты «өгізді» мөңіретіп, телміртіп қойса, «қармақтағы» сымбатты бақуатты бір «бұқаға» бірнеше «тананың» көзін сүздіріп қойған. Сонда осы амалмен, «қармақтағы» сымбатты бір «тана» мен бір «бұқа» бір емес, бірнеше қора «мүйізділерді» «Құлкланның» жұмысына жегіп береді екен. Міне, «қытай+сарттық» саяси технологиясының тәсілдері! Бағамдай беріңіз. Бұл «технология» Мәсімовтың ҰҚК-ге келген сәтінен бері жүзеге аса бастаған.

Мен осы «қаңтар шерунен» 20 күн алдын (11.12.21) «Нұрклан» мен «Құлклан» деген көлемді пост жазып, осындай бір қырғынның болатынын ескерткенмін. Бірақ оған құлақ асқан ешкім болмады. Тоқаевтың «Есітетін» билігі есітпеді. Мен осы жолы да тап солай ескертіп отырмын. Елімізде, алдын алмаса, орын алатын екінші дүрбелеңнің болу ықтималдығы басым! «Қайта шапқан жау жаман» деген. Айтқан жерден аулақ, егер енді екінші рет дүмпу болса, кешегі — біріншісі баланың ойынымен тең болып қалады!

Ағайын, азаматтарымыз аман, еліміз тыныш болсын десек Кәрім аканың бірінші жауым деп отырған — Тоқаевты: «Шерушілерді ескертусіз атыңдар» деген бұйрық берді, т. б. деп жалған қаралауды, ең болмағанда 3-4 айға тоқтата тұрып, Кәрім аканың жоспарымен жүруді доғара тұрайық! Кім «жалған қаралау» емес десе, онда Тоқаевтың сол сөзді айтқан видеосын, не жазбасын осында салсын.

Тоқаев ешқайда кетпейді, қашпайды. Ол кінәлі болса, қаралауға да, айыптауға да уақыт жетеді. Қазір Тоқаевқа ұлт жауларын азайтуға мүмкіндік берген дұрыс. Бұл Тоқаев үшін, не басқа бір жеке адам үшін емес, жалпы қазақ үшін қажет дүние! Президентке ұлт сатқындарын анықтау, жазалау үшін уақыт керек. Онсызда қазір күніне бірнеше шенділерді орындарынан босатып жатыр. Кішкене ғана күтсек, бәрі де белгілі болады. Асыққан — шайтанның ісі.

Адамды, тіпті қоғамды да адастырмайтын қасиет, ол — шындықты мойындау! Ендеше біз осы ұстанымда болып, өткен шерудің әділ бағасын беруге тырысып көрелік.

Мәселен, осы шеру бейбіт өтті ме? Жоқ! Қирату, өртеу, тонау, адам өлтіру, т. б., бәрі болды! Өз көзімізбен көрдік. Шерудің нәтижесі бейбіт емес, қырғын болды. Шындығы осы.

Енді ойланайық. Мұндай топалаңды қалай тоқтатуға болатын еді? Әділдіктен аттамасақ, бұл сұрақтың жауабы жалғыз ғана: оқпен!

Әлемде қанша мемлекет бар, бәрі дерлік осылай жасайды! Тіпті, «әділдік пен демократияның» отаны деген АҚШ та, Еуропа да.

Егер бұлай жасамаса, онда ол мемлекет құлайды! Қазаққа керегі мемлекетінің құлағаны ма? Жоқ! Сондықтан, амалсыз оқ атылды. Қазақ мемлекетінің құлағаны кімге керек еді? Кәрім акаға керек еді! Ата-бабасының «Алматы, Балқаш, Жаркент біздің атажұртымыз» деген арманын орындауға тиіс-ті. Турасында, Кәрім ака ата-бабасы әруағы үшін жанкештілік жасады.

Қазір халық арасында: «Мәсімов Президентті тұтқындауға дайындалып жатқанда, Президент   шұғыл қимылдап, оның өзін тұтқындап үлгерді» деген және «Шерушілер арасында ұйғыр ұлтының жастары өте көп болды әрі топ-тобымен бірге жүрді» деген әңгіме желдей есіп тұр. Басқаны қайдам, мен өзім бұл сөзге сенемін. Себебі, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен кейін, 3-4 күн өтпей-ақ, ұйғыр халқының 200-дей өкілі «Шампан зауыты» директоры — А. Карапетянның басқаруымен Горбачевке: «Бізге автономия беріңіз» деп хаттама жазып жатыпты. Бұл туралы кезінде марқұм Төлеген Әлжанов БАҚ-тарда жазды, ТВ-да талай айтты.

Енді қараңыз. Шындыққа тура қарап тұрып айтсақ: қазақ мемлекетін сақтап қалған — Тоқаевтың Мәсімовтен шапшаң қимылдағаны және оқ атуға бұйрық бергені! Ойланыңыздар. Егер осы екеуінің біреуі болмағанда, онда қазақ бүгін мың-мыңдап қырылып, ең бастысы — мемлекетінен айырылып қалар еді! Мысалы, ол жағдайда Мәсімов уақытша болса да — Президент, ал Тоқаев — түрмеде отыр деп, жай ғана ойлап көріңізші. Бұлай болуы мүмкін емес сияқты, иә. Жоқ. Әбден мүмкін еді. Әлемнің көптеген елдерінде орын алған құбылыс, бұл. Елде азамат соғысы орын алып, бүкіл Қазақстан отқа оранар еді!

Әрине, 225 адам емес, бір ғана адамның қазасы үлкен қайғы. Әсіресе жазықсыз қыршын кеткен жастардың, бүлдіршіндердің өлімі ауыр-ақ! Амал қанша? Талқаны тауысылған болар. Болмаса, Тоқаев билігі теледидар, радиодан әр жарты сағат сайын қайталап: «Төтенше Жағдай енгізілді. Коменданттық сағат орнатылды. Үйден шықпаңыздар. Террористерді жою шарасы жүріп жатыр. Өмірлеріңізге өте қауіпті» деп, айтып, екі күн бойы жалынды. Интернет жоқ болса да, қауіпті аймаққа енген адамға ұялы телефоннан осындай СМС хабарлар келіп тұрды. Бірақ, соғыстың аты — соғыс, мұндай өкініштерден сақтана алмайды екенсің.

Енді, тірі адам тіршілігін жасау керек қой. Не істейміз?

Тап осы күндері «Құлкланның» (Мәсімов тобының) соңғы аяқ серпуі болып жатыр. Оның күші әліде сарқылған жоқ. Тоқаев қазір «Құлкланның» ең жоғарғы басшы өкілдерінің өзінен де толық құтылып үлгірген жоқ. Бұған қоса, орта буын басшыларын тіпті, әлі «түртпеді» де. Бірден бәрін «тазалау» — мемлекетті жансыздандыру болмайды. Міндетті түрде біраз уақыт керек. Осыны жақсы білетін, қазірше «аман» жүрген «Құлкланның» орта буын өкілдері, қарап отырсын ба, қолынан келгенше қоғамды қайта дүрліктіруге, өздерінің төменгі буыны — «қармақтағы» үлкен, өте көп азғын тобын барынша іс-әрекетке жегуде. Олар желіде бұрқыратып пост, коммент жазып, ауыздарынан «боқ шашып» Тоқаевты, Тоқаевты қолдағандарды, яғни елдің тыныштығын ойлағандарды «жерден алып, жерге салып» жатыр. Түрмедегілерді азаптау, жазықсыздарды қудалау деген тақырыпта «өтірікті — шындай, шынды — Кұдай ұрғандай» етіп, барынша әсірелеп беріп жатыр. Соларын зер салып оқысаңыз, мақсаттары қоғамды тағы да дүрбелеңге тарту екенін байқайсыз.

Бұлар тапсырма орындап, «көріп үріп» жатқандар десек, бұларға қосылып түк «көрмей үріп» жатқандарды айтсаңшы. Мәселен,  «Құлкланның» «қармағындағы» бір сымбатты «танаға» бірнеше жалғыз басты «өгізді» мөңіретіп, телміртіп қойса, «қармақтағы» сымбатты бақуатты бір «бұқаға» бірнеше «тананың» көзін сүздіріп қойған. Сонда осы амалмен, «қармақтағы» сымбатты бір «тана» мен бір «бұқа» бір емес, бірнеше қора «мүйізділерді» «Құлкланның» жұмысына жегіп береді екен. Міне, «қытай+сарттық» саяси технологиясының тәсілдері! Бағамдай беріңіз. Бұл «технология» Мәсімовтың ҰҚК-ге келген сәтінен бері жүзеге аса бастаған.

Мен осы «қаңтар шерунен» 20 күн алдын (11.12.21) «Нұрклан» мен «Құлклан» деген көлемді пост жазып, осындай бір қырғынның болатынын ескерткенмін. Бірақ оған құлақ асқан ешкім болмады. Тоқаевтың «Есітетін» билігі есітпеді. Мен осы жолы да тап солай ескертіп отырмын. Елімізде, алдын алмаса, орын алатын екінші дүрбелеңнің болу ықтималдығы басым! «Қайта шапқан жау жаман» деген. Айтқан жерден аулақ, егер енді екінші рет дүмпу болса, кешегі — біріншісі баланың ойынымен тең болып қалады!

Ағайын, азаматтарымыз аман, еліміз тыныш болсын десек Кәрім аканың бірінші жауым деп отырған — Тоқаевты: «Шерушілерді ескертусіз атыңдар» деген бұйрық берді, т. б. деп жалған қаралауды, ең болмағанда 3-4 айға тоқтата тұрып, Кәрім аканың жоспарымен жүруді доғара тұрайық! Кім «жалған қаралау» емес десе, онда Тоқаевтың сол сөзді айтқан видеосын, не жазбасын осында салсын.

Тоқаев ешқайда кетпейді, қашпайды. Ол кінәлі болса, қаралауға да, айыптауға да уақыт жетеді. Қазір Тоқаевқа ұлт жауларын азайтуға мүмкіндік берген дұрыс. Бұл Тоқаев үшін, не басқа бір жеке адам үшін емес, жалпы қазақ үшін қажет дүние! Президентке ұлт сатқындарын анықтау, жазалау үшін уақыт керек. Онсызда қазір күніне бірнеше шенділерді орындарынан босатып жатыр. Кішкене ғана күтсек, бәрі де белгілі болады. Асыққан - шайтанның ісі.