Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Камераның қай жерде бар-жоғын білу мүмкіндігі жойылды

Елордада қауіпсіздікті күшейту мақсатында бейнебақылау камераларының саны арта түседі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек мәлім етті. 

Камераның қай жерде бар-жоғын білу мүмкіндігі жойылды
Сурет: Inform.kz

Қазір елорда аумағында 26 462 бейнебақылау камерасы орнатылған. Өткен жылдың желтоқсан айында қоғамдық орындарға 500 және денсаулық сақтау мекемелеріне 2 мыңға жуық камера қойылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жобасы биыл да жалғасын табады. Сонымен қатар біз мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы заңға өзгеріс енгіздік. Жаңа өзгерістерге сәйкес мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктермен бірлесіп, үй аулаларына «Сергек» бейнебақылау камерасын орнатуды қолға алып жатырмыз. Жоспарға сәйкес аулаларға 7,5 мың бейнебақылау камерасын қоямыз, - деді Ботагөз Қасабек қалалық мәслихаттың отырысында.

Оның айтуынша, аталған жобаны жүзеге асыруға бюджеттен қаражат талап етілмейді.

Бүгінде әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Аула камерасын орнатуда полиция қызметінің көмегіне жүгініп отырмыз. Бейнебақылау камералары үйлердің бұрышына, яғни адам жүре қоймайтын жерлерге қойылады. Қала күн санап өсіп жатыр, сәйкесінше қауіпсіздікті күшейтуді талап етеді. Бұл мәселе әсіресе жаңадан салынып жатқан аудандарға қатысты, - дейді ол.

Тағы бір өзгеріс - бұған дейін қала картасында қай жерде бейнебақылау камерасының орнатылғаны көрсетілетін. Ендігі уақытта бейнебақылау камерасы бар деген белгіні картада көрсетуге тыйым салынды. Бұл лаңкестікке қарсы әрекеттердің алдын алу мақсатында енгізіліп отыр», - деді Ботагөз Қасабек.