Мемлекет басшысы елде "беделді шетелдік университеттердің бес филиалы ашылады" дегені мәлім. Олардың қатарында қай оқу орындары бар? Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
"Қазіргі уақытта елімізде Де Монтфорт Лестер Ұлыбритания университетінің филиалы жұмыс істей бастады. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін Аризона университетіне сенімгерлік басқаруға беріледі. Сондай-ақ, техникалық бағыттар бойынша Ресейдің үздік жоғары оқу орындарының филиалын ашу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Тағы да бір Британдық университеттің филиалын ашу бойынша келісссөздер жүріп жатыр, - деді министр.