Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Атырауда жеңгетайлықпен айналысқан әйел бес жылға қамалды

Оған жаза осыдан бес жыл бұрын тағайындалған.

Атырауда жеңгетайлықпен айналысқан әйел бес жылға қамалды
Фото: moment-istini.com

Атырауда бес жыл бұрын жеңгетайлық қызмет ұсынып, притон ұстаған әйел түрмеге қамалды, деп хабарлады paryz.kz.

Атырау қалалық пробация қызметінің мәліметінше, сотталған әйелдің екі баласы бар.

"Бұл әйел 2015 жылғы қыркүйекте Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ҚР Қылмыстық Кодексінің 309-бабымен ("Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") айыпты деп танылды. Оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді. Алайда, сот оның кішкентай балалаларын ескеріп, жаза өтеу мерзімі бес жылға кейінге қалдырған болатын", -дейді Атырау қалалық пробация қызметінің инспекторы Айзере Даулетбаева.

Биыл сотталған азаматшаның жазасын өтеу мерзімінің шегерілген уақыты аяқталған.

Осыған байланысты Атырау қалалық пробация қызметі сотталушының негізгі жазасы бойынша шешім қабылдау үшін Атырау қалалық №2 сотына ұсыным жолдады. Сот шешімімен азаматша УГ-157/9 (Атырау әйелдер колониясы) мекемесіне қамалды.

Сотталған азаматшаның кәмелетке толмаған екі баласын туыстары өз қамқорлығына алды.