Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Алматы жұртынан 120 миллион теңгені алдап алған алаяқ сотталды

Қылмыскер бір реттік сыйақы төлеп, фирманы сауатсыз адамға тіркеген.

Алматы жұртынан 120 миллион теңгені алдап алған алаяқ сотталды
фото: matritca.kz

Алматыда тұрғындарды 120 миллион теңгеге алдап соққан адам сотталды. Ол алматылықтарға Қытайдан арнайы техниканы сатып алып, жеткіземін деп уәде еткен, деп хабарлады ҚазАқпарат.

"Қылмыстық іс-материалдары бойынша ол аса ірі көлемде алаяқтық жасаумен айналысқан. Ол үшін үлкен жоспар құрған. Алматы қаласында арнайы компания тіркеп, кеңсе жалдап, "тиімді" шарттармен арнайы техниканы сату туралы жарнама орналастырған. Сондай-ақ, қылмыскер бір реттік сыйақы төлеп, фирманы сауатсыз адамға тіркеген. Осылайша, ірі габаритті техниканы сатып алғысы келген екі азаматты алдаған. Бірінші жағдайда сатып алушы 80 миллион теңге төлесе, екіншісінде 40 миллион төлеген. Алайда, уәде етілген тауарларды олар әлі алмады", - деді Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерғали Ибраимов.

Жәбірленушілер полицияға жүгінгеннен кейін күдікті бірден ұсталды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлімі бойынша тергелді. Күдікті қамауға алынды. Оның кінәсі дәлелденді. Жоғарыда айтылған ауыр санаттағы заңсыз әрекеттерді жасағаны үшін С. есімді азамат 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.