Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Кіші Талдыкөл туралы сот ісі қашан қайта қаралатыны анықталды

Елорданың Арнайы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Кіші Талдыкөл туралы сот ісі қайта қозғалатынын мәлімдеді, деп хабарлады Paryz.kz, Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Кіші Талдыкөл туралы сот ісі қашан қайта қаралатыны анықталды
Сурет: astana.gov.kz

«ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 225-бабы 3-бөлігі негізінде сот осы іс бойынша қосымша мән-жайларды анықтау мақсатында шешім шығару үшін залдан шыққан соң, осы іс жүргізуді қайта қозғау қажет деп есептейтіні туралы шешім қабылдады. Толық қаралғаннан кейін сот жарыссөздері және әкімшілік істің материалдарын қарау қайта жүргізілетін болады», – деді судья Жанар Дүйсенова.

«Aqiqat» корпоративтік заңгерлер коалициясы сотқа талап-арыз жазған. Жауапкерлер ретінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты мен «Астана – Технополис» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы шақырылған.

Судья Нұр-Сұлтан әкімдігінің өкілі сотқа ұсынуы қажет құжаттарды атап өтті. Оның ішінде қаланың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына, Бас жоспарына сәйкес 2012 жылдан 2020 жылға дейін Кіші Талдыкөл көлдері тобы кіретін жерлерді нысаналы тағайындау туралы, 2020 жылғы желтоқсанда шығарылған елді мекен жерлеріне ауыстыру туралы қаулыға қатысты мәліметтерді әкелуі тиіс.
«Сот ісі 9 ақпанда, сағат 10:30-да тыңдалады», - деді судья.