Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақстанда ұйықтап кеткен жүргізушіні музыкамен оятатын жолдар пайда болады

Әуен автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады.

Қазақстанда ұйықтап кеткен жүргізушіні музыкамен оятатын жолдар пайда болады
Фото: aikyn.kz

"Нұр-Сұлтан – Шортанды" автомобиль тас жолында музыка ойнайтын жолақтар арнайы орнатылып жатыр. Жаңа технология Қазақстанда алғаш рет қолданылуда, деп хабарлады paryz.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, пилоттық жоба жол апатын азайтуға септігін тигізеді.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ жасаған пилоттық жоба жол жүру қауіпсіздігі саласына жаңа технологияларды енгізу аясында іске қосылды. Оны жүзеге асыру барысында Германия, Корея, АҚШ және Жапония елдерінің тәжірибесі ескерілді.

"Музыкалық жолдар" жүргізушілерге төтенше қауіпті жол бөлігінде жылдамдықты азайтуға көмектеседі. Әуен автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Көлік шу жолағынан 90 км/сағ жылдамдығымен жүрген жағдайда, әуен дыбысты өзгертеді. Осылайша, жүргізушінің назарын аударып, жүру жылдамдығын азайтуға әсер етеді. Зерттеу нәтижесінде, "ҚазАвтоЖол» ҰК" АҚ келер жылы өзге де республикалық жолдарға музыкалық жолақтар орнатпақ.

Мұндай жолақтар жылдамдықты асыру, шаршау мен рөлде ұйықтап кету салдарынан болатын жол апатын болдырмау үшін жасалады. Олардың үстімен өткенде діріл пайда болады. Жүргізушілердің ұзақ жолда сергек отыруына септігін тигізеді.