Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Қазақстанға келетін шетелдіктерді COVID-19 ПТР-тестінсіз ұшаққа отырғызбайтын болды

Бортына шетелдік жолаушыларды ПТР тестсіз кіргізген компанияға 1600 АЕК айыппұл салынады.

Қазақстанға келетін шетелдіктерді COVID-19 ПТР-тестінсіз ұшаққа отырғызбайтын болды
Фото: zakon.kz

27 қазаннан бастап Қазақстанға келетін шетелдіктер COVID-19 ПТР-тестінсіз ұшақ бортына кіре алмайды. Егер ұшақ бортына кіріп, әуежайға келген жағдайдың өзінде қайта келген еліне кері депортацияланады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

"Ведомоствоаралық комиссияның шешімімен,  ковид анықтамасы тек шетелдік жолаушылардан талап етіледі. 27 қазаннан бастап келетін шетелдіктер үш тәулікке жететін COVID-19 анықтамасы болмаса, келген елдеріне кері депортацияланады. Әуе бортына шетелдік жолаушыларды ПТР тестсіз кіргізген компанияға әкімшілік кодекс бойынша 1600 АЕК айыппұл салынады.  Шетелде жүрген қазақстандықтар ПТР тестінің анықтамасынсыз елге кіруге құқылы", - деді Сәдуақас Байғабылов. 

Айта кететіні, Қазақстанға келетін шетелдіктерге ПТР тест карантиндік стационарда өткізіледі. Әуежайдан келген жолаушылар стационарлық карантинге жергілікті бюджет есебінен жатқызылады. Зертханалық ПТР тест нәтижесін жолаушылар мен туристер максималды түрде 12 сағат күтеді. Ішкі рейстерде кез келген қазақстандық азамат ПТР тестсіз жүре алады.