Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Енді шетелде жүрген қазақстандықтар ПТР-анықтамасыз да елге орала алады

Ішкі рейстер үшін ПТР-анықтамасы талап етілмейді.

Енді шетелде жүрген қазақстандықтар ПТР-анықтамасыз да елге орала алады
Фото: 24.kz

ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) 26 қазаннан бастап халықаралық әуе тасымалын жүзеге асыратын әуе компанияларына ПТР-тестінің нәтижелері туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салу туралы шешім қабылдады. Алайда, бұл талап тек шетелдік азаматтарға қатысты.

"Шетелде жүрген ҚР азаматтарының әуе рейстерімен ПТР-анықтамасынсыз отанына оралуға құқығы бар. Мұндай жағдайда Қазақстанға келгеннен кейін қазақстандықтар ПТР-тестілеу нәтижесін алғанға дейін карантинге орналастырылады", - делінген ВАК шешімінде.

ҚР өңірлері арасындағы ішкі әуе рейстерінің ұшағына отырғызу кезінде ПТР-анықтама талап етілмейді.