Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Өлгіміз келмейді...": Бекболат Тілеухан депутаттықтан не үшін кеткенін айтты (ВИДЕО)

"Басын кесетін жерді біледі. Қазір ондайлар көбейіп кетті ғой. Келешекте олардың атын атап бере аламын..."

"Өлгіміз келмейді...": Бекболат Тілеухан депутаттықтан не үшін кеткенін айтты (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

TALIM TV-дің “Жиырма бесінші сағат” бағдарламасында Мәжілістің төрт шақырылымының депутаты болған Бекболат Тілеухан өкілеттілігін мерзімінен бұрын не үшін тоқтатқанын айтып берді. Сондай-ақ алдағы жоспарларымен бөлісті деп жазады Paryz.kz.

Негізгі себеп - денсаулығым. Жақында қатты ауырған соң қатерлі дертке күмәндандым. Дәрігерлер тексерді. Кейін одан таза екенін білгенде шүкіршілік еттім. Бірақ денсаулыққа сақтықпен қарау керек екенін түсіндім. Әлі кәрі емеспіз. Өлгіміз келмейді. Сондықтан біршама емделейін дедім. Жақсы болсам, атқаратын біраз шаруа бар. Денсаулық қана себеп емес, – дейді экс-депутат. 

Оқи отырыңыз: Бекболат Тілеухан Мәжілістен кетті

Бекболат Тілеухан жақында Бүкіләлемдік этноспорт федерациясына вице-президенті болып тағайындалғанын, сондықтан бұл іске белсене араласуды мақсат етіп отырғанын жеткізді. 

Әлі еш жерде айтылмаған шығар. Бүкіләлемдік этноспорт федерациясына вице-президент болдым. Өзімнің шартымды қойдым. Денсаулығымды түзеп алған соң атқаратын шаруа көп, – дейді ол. 

Бұған дейін Бекболат Тілеухан мен "Азаттық" журналисі арасында жанжалды сұхбат болған еді. Бірақ бұл жағдайдың депутаттықтан кетуіне оның еш қатысы жоқ екенін айтты. 

Қазір бізде жалған батырлар көп. Отырып алады да жазады. Билікті сынасам, министрді сынасам, айғайлап айтсам, батыр екенмін деп ойлайды. Елге сондай сөз айтсам, батыр деп ойлайды дей ме? Ол батырлық емес қой. Ал ЛГБТ туралы не ел мүддесіне қайшы кеп тұрған нәрсені айтшы десең, ешқашан айтпайды. Өлетін жерін біледі. Ондайда айтқыштығы жоқ. Басын кесетін жерді біледі. Қазір ондайлар көбейіп кетті ғой. Келешекте олардың атын атап бере аламын. Бірауыз қазақша білмейтін адамдарды Кеңес кезінде қазаққа көсем еткен. Бірауыз қазақша білмей тұрып қазақ туралы айтатындар бар. Батыр болғысы келетіндер бар. Ол баяғы саяси жүйенің жемісі”, – деді Тілеухан. 

Экс-депутаттың айтуынша, әлемдегі барлық ел бір мемлекетке айналып бара жатқандай. 

Қазір әлем елдері бір мемлекет секілді. Заңдарында халықаралық деңгейдегі шешілу керек талаптар бар. Содан кейін ғана өз елінің мүддесі. Сондықтан мемлекет өзі біліп шеше алмауы да мүмкін. Айта алмайтын дүниелер көп қой. Айтуға болмайтын дүниелер көп, – деді Тілеухан.