Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Нұр-Сұлтан мен Алматы таксистері "әкесінің құнын" сұрап тұр

Бұл сала мемлекеттік бақылауға жатпайды.

Нұр-Сұлтан мен Алматы таксистері "әкесінің құнын" сұрап тұр
фото: ашық дереккөз

Елорда мен Алматы тұрғындары такси жүргізушілері қызметінің қымбаттауына шағымдануда. Мереке қарсаңында жол құны 30%-дан көп өскен. Бұл қымбатшылықтың себебі неде? Ірі агрегаторларда "жоғары сұраныс" көрсетілген, елордада бір аптадан астам уақыт бойы, әсіресе, мереке алдындағы соңғы күндерде жоғары баға байқалады. Қала тұрғындары бұл айырмашылықты бірден байқады деп хабарлайды 31-телеарнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір бар болғаны 2 шақырым қашықтыққа сапар кем дегенде бір жарым мың теңге тұрады. Елорда тұрғындары өздері түрлі себептерді айтып отыр. Өз кезегінде такси жүргізушілері күннің суықтығы мен жанармай бағасының қымбаттауы такси құнына әсер ететіндігімен келіседі.

Бұл себептер агрегатор комиссиясымен бірге 24% жүргізушілердің санын азайтып отыр. Мереке алдында көлікпен жүргісі келетіндер көп.

Мен өз қосымшам туралы айтамын, ол бағаны жасанды көтере алмайды, өйткені біздің қалада бәсекелестер өте көп. Оның мағынасы жоқ. Адамдар басқа такси компаниясына кетіп қалады, сонымен жүреді.  Жасанды түрде баға көтерілмейді. Сұраныстың аты сұраныс, – дейді  такси жүргізушісі Болат Бүркітбаев.

Жолдағы жүктемелерден көліктің көп екенін байқуға болады. Алайда тасымалдаушылар арасында баға келісімі бар-жоғын білу іс жүзінде мүмкін емес. Бұл сала мемлекеттік бақылауға жатпайды.