Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

"Тараздағы Киров көшесінде түсірілген": есек сауғандардың видеосы елді тағы дүрліктірді

Сарапшылар "есек сүті пайдалы" деген – жансақ пікір екенін ескертіп отыр. Оның құрамында қатерлі ісік ауруын қоздыратын зиянды элементтер бар көрінеді.

"Тараздағы Киров көшесінде түсірілген": есек сауғандардың видеосы елді тағы дүрліктірді
фото: inbusiness.kz

"Таразда есек байлап, сүтін сатып отырған ферма бар". Бұл ақпарат шындыққа жанаса ма деген сауалмен шыққан "Астана" телеарнасының тілшілеріне жергілікті атқамінерлер "Көше-көшені аралап, ферманы іздеп көреміз" деп уәде берген, деп хабарлады paryz.kz.

Біз әлдебіреулердің аңыратып есек сауып жатқан видеосын негізге ала отырып, бұған дейін бір материал жазған болатынбыз. Сол кезде көпшілік "оның сүті пайдалы" деген уәж айтқан-ды. Ал сарапшылар "есек сүті пайдалы" деген – жансақ пікір екенін ескертіп отыр. Оның құрамында қатерлі ісік ауруын қоздыратын зиянды элементтер бар көрінеді.

"Есектің сүті ракты емдемейді, керісінше, қоздырады. Адам ағзасына неше түрлі микроб кіреді. Футоксин деген микроб болады. Денедегі барлық ауруды қоздырады ол", - дейді сарапшы Қуандық Хонай.

Бұл ретте, әлеуметтік желі арқылы тарап, талай адамды шошытқан видеоны "Бұл өзіміздің Тараздағы Киров көшесінде түсірілген" деген ақпарат елді одан сайын дүрліктірді. Бейнемен ілесіп жүрген аудио хабарламалар тұтынушыларды тіпті үркітті. Тараздық шенеуніктер болса, Киров көшесінен ондай ферманың табылмағанын алға тартып отыр.

"Есек асырау оңай шаруа емес. Біз іздемесек те ол ақырып-бақырады. Сондықтан оны айтып қояды адамдар. Бізде ондай мүмкін емес, сізге гарантия берейін", - дейді ҚР АШМ Жамбыл облысы аумақтық ветеринариялық инспекциясының басшысы Жандар Қоекиев.

Оның айтуынша, видео басқа елде түсірілген. Ал қазақша сөздер оның үстінен салынған. Дегенмен, мамандар бұл мәселеге дөп басып нүкте қойған жоқ. Видеоны таратқан адамдар әлі іздестіріліп жатыр.