Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

ШҚО-да түрмеде тұтқынды азаптаған полицейлер сотталды

Артынша тәртіп сақшылары "ол тәртіптік камерада өзіне қол жұмсады" деп шығарған.

ШҚО-да түрмеде тұтқынды азаптаған полицейлер сотталды
фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысындағы колониялардың бірінде тұтқынды азаптап өлтірген полицейге қатысты апелляциялық сот отырысы өтті деп хабарлайды Paryz.kzYK-news.kz-ке сілтеме жасап.  

2019 жылдың 18 маусымында ОВ 156/2 мекемесінде тұтқын Андрей Кондратенко полицейдің қолынан азапталып, өлтірілген. Оқиға тәрбие жұмысы бөлімінде болған.

Белгілі болғандай, полицей тұтқынды бассейнге тұншықтырып өлтірген. Артынша тәртіп сақшылары "ол тәртіптік камерада өзіне қол жұмсады" деп шығарған.

Тұтқынды азаптап, өлтіру бойынша алты қызметкер жауапқа тартылды. Іс бойынша сот отырысы 2021 жылы қазан айында сот отырысы өтіп, полицейлер кінәлі деп танылды. 29 желтоқсанда апелляциялық алқа отырысы өтіп, полицейлердің жазасы күшейді.

Егер үш қызметкер бұған дейін 5 жылға сотталса, енді үш жыл мерзімге құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан айырылып, алты жылға сотталды.

Қалған үш қызметкердің жазасы өзгеріссіз қалды. Тұтқынды суға батырған екі қызметкердің бірі жеті жылға, екіншісі сегіз жылға сотталды.

Ал мемлекеттік айыптау тарапы осының барлығына себепші болған майор Серіковті басқалармен бірдей дәрежеде соттауға талап етті. Себебі, ол бұған дейін сотталушы қайтыс болған кезде оқу бөлімінде болмағандықтан, ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы (Азаптау) бойынша ақталған.

Аппеляциялық сотта Серіковке жаза қатаңдатылды. Ол өмірі бойы құқық қорғау органдарында және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылып, жалпы қауіпсіздігі орташа мекемеде тоғыз жылға сотталды.