Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Елордада жаңажылдық кештер өткізуге тыйым салынды

Сонымен бірге мерекелік кештерді Ashyq жүйесімен серіктес мекемелерде өткізуге болатыны айтылады.

Елордада жаңажылдық кештер өткізуге тыйым салынды
фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда корпоративтік кештер мен көпшіліктің қатысуымен өткізілетін шараларға тыйым салынды деп хабарлайды Paryz.kz.

Бұл туралы елорданың бас санитарлық дәрігері мәлімдеді. Сархан Бейсенованың айтуынша, жаңажылдық мерекелер қарсаңында қалада мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілетін болады.

Сонымен бірге мерекелік кештерді Ashyq жүйесімен серіктес мекемелерде өткізуге болатыны айтылады. Бірақ қызметкерлер мен келушілердің мәртебесі "жасыл" түсті болуы және өтетін орынның толық толмау қажеттігі баса айтылған.