Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Алматыда кинотеатрлардың ашылуына бүгіннен бастап рұқсат берілетін болды

Ол үшін кинозалдардың сыйымдылығы 30 пайыздан аспауы тиіс.

Алматыда кинотеатрлардың ашылуына бүгіннен бастап рұқсат берілетін болды
Фото: Яндекс.Новости

Алматы қаласының бас санитар дәрігері қалада қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, кинотеарлардың жұмыс істеуіне рұқсат берілгенін мәлімдеді. Ол түстен кейін өткен арнайы брифингте толтырылуы залдың 30 пайызынан аспаған жағдайда, кино көруге мүмкіндік берілгенін айтты, деп хабарлады paryz.kz

"Бүгінгі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің №58 Қаулысына сәйкес елдегі эпидемиологиялық жағдай ескеріліп, Алматыда кинозалдардың ашылуына рұқсат берді. Ол бүгін 26 қазаннан бастап жүзеге асырылады. Сондай-ақ, кинотеатр әкімшілігі infokazakhstan.kz сайтынан тіркеуден өтуі тиіс. Медициналық маска тағу тәртібі мен әлеуметтік арақашықтық сақталуы керек. Залда отыру шахмат түрінде ұйымдастырлуы шарт", - деді Жандарбек Бекшин. 

Қаланың бас санитар дәрігері эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеулердің әлі де сақталатынын айтты. Шаһарда осы айда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың ең көп көрсеткіші 22 қазанда тіркелген. Бұл күні қалада 44 адамның жаңадан ауырғаны анықталды. Қазанның алғашқы аптасында күніне орта есеппен 3-4 адам тіркеліп отырған. Ал өткен демалыс күндері, 23,24,25 қазанда ауру жұқтыру 20,15 және 10 адамға дейін қайтадан азайған. 

Сонымен, Алматы қаласы бас санитарлық дәрігерінің №64 қаулысына сәйкес жаңа шектеулер жария болды. Олар: 

1. Қоғамдық тамақтану орындарында кальян тартуға тыйым салынды;  
2. Сауда орындарындағы фуд-корттардың жұмысына тыйым салынды: 
3. СОО нысандарында қоғамдық тамаұқтану орындарында бір мезетте 30 адамнан артық  келушілерді қабылдауға тыйым салынады; 
4. Жабық сауда орталықтары мен жабық базарларда келушілердің орналасу орны әр адамға 4 шаршы метрден аспауы тиіс; 
5. Фитнес орталықтары, спорт залдары ғимараттың 50 пайызын ғана толытырп, әр келушіге 5 шаршы метрден оорын қарастырылуы тиіс; 
6. Монша, спа-салон және сауналар бүгіннен бастап ғимараттың толтырылуы 50  пайыздан артық адам кіргізуге тыйым салынады;
7. Қоғамдық көліктің жүруіне рұқсат етілген. Ал кешкі және ертеңгі қарбалас уақытта автобустар саны артады, соңғы аялдамада автобустарға міндетті түрде дезинфекция жасалды; 
8. Ұлттық компаниялар, квазимемлекеттік компаниялар мен жеке кәсіпкерлік субьектілері жұмыскерлерінің  50 пайызы онлайн түрлде жұмысын жалғастыра береді. 
9. Ұжымдық мерекелік шаралар өткізу үшін залдың толытрылуы 7-23 адам арасында болуы тиіс; 
10. Халықққа қызмет көрсету ортаьықтары алдын ала жазылу тәртібімен сағат 9.00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмысын жалғастырады;
11. Бассейнге алдын ала жазылу тәртібюімен әр адамға 5 шаршы метрден аспайтын аумақта жүзуге рұқсат етіледі; 
12. Театрлар бұрынғыдай 50 пайыз емес, әр сеанста 50 адамнан артық отыруға тыйым салынды.