Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Енді сот орындаушылардың әрекеті видеоға жазылып отырады

Сондай-ақ ол сот орындаушылардың жауапкершілігін арттыратын өзгерістер туралы мәлімет берді. 

Енді сот орындаушылардың әрекеті видеоға жазылып отырады
фото: ашық дереккөз

Сот орындаушылар борышкерлермен бетпе-бет жұмыс жүргізген жағдайда әрбір әрекетін видеоға түсіру қолға алынатын болады деп хабарлайды Paryz.kz

Әділет министрі Марат Бекетаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте атап өткендей, сот орындаушылардың қызметін цифрландыру бойынша атқарып жатқан шаралар атқару өндірісінің ақпараттық жүйесі арқылы іске асады.

Бұл жүйе 2017 жылдан бері Жеке сот орындаушылар палатасының сенімгерлік басқаруында. Бұл жүйені дамыту және жұмысын сүйемелдеу шығындарының бәрін сол палата көтереді. Жүйе сот орындаушылардың халықпен жұмысын интернет арқылы реттеуге бағытталған. Азаматтар өзінің атындағы шектеулер туралы мәліметті сот орындаушысына бармай-ақ біле алады. Сондай-ақ, бүкіл қарызды онлайн режимде төлеуге болады. Мұндай жағдайда қарызға қатысты шектеулердің бәрі 30 минут ішінде алынады, - деді министр.

Сондай-ақ ол сот орындаушылардың жауапкершілігін арттыратын өзгерістер туралы мәлімет берді.

Сот орындаушылар борышкерлермен бетпе-бет жүмыс жүргізген кездегі әрекеттерін видеомен тіркеу жоспарланып отыр. Бұл функционал қазір пысықталып жатыр. Соның арқасында сот орындаушылардың қызметін әлдеқайда ашық ете түсеміз. Басқа да құжаттар неғұрлым жылдам әзірленеді және ақпарат жүйесіне уақтылы жүктеліп отырады, - деді Марат Бекетаев.

Сондай-ақ министр жыл бойында енгізілген жаңашыл жобаларға тоқталды.

Азаматтық хал-ахуал актілерін тіркеудің электронды архиві аясында заңнамаға түзету енгізу туралы бастама енгіздік. Бұдан былай экс-аумақтық қағидат енгізілмек. Яғни, бұрын АХАЖ-да тіркелу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша жүгіну керек болса, қазір Қазақстанның кез келген қаласындағы АХАЖ құжатын халыққа қызмет көрсету орталығында рәсімдеуге болады. АХАЖ құжаттарын алу мерзімі 30 күннен 3 күнге дейін қысқарып отыр, - деді Әділет министрі.