Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

БҚО-да ауыл әкімі карантинге қарамай, ұлына дүркіретіп той жасады

Мерекелік шара өткен демалыс күндері болған.

БҚО-да ауыл әкімі карантинге қарамай, ұлына дүркіретіп той жасады
Фото: newsroom.kz

Батыс Қазақстан облысында ауыл әкімі ұлына мейрамханада үлкен той жасады, деп хабарлады paryz.kz.

Алдын ала ақпарат бойынша, үйлену тойы өткен демалыс күндері болған. Куәгерлер "Mой город" басылымына үйлену тойынан қонақтар түсірген видеоны жолдады. Куәгерлердің айтуынша, бұл оқиға кейіпкері - Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің ұлы. Бұл жайтқа байланысты журналистер Ақжол ауылдық округінің әкімі Тәтжан Өтемісовпен байланыса алмады.

Ал Ақжайық ауданының әкімі Ердос Үмітов Ақжол ауылдық округінің әкімі Тәтжан Өтемісовтің ұлының үйлену тойы туралы бүгін, 26 қазанда ғана білгендерін айтты.

"Бұл бір ыңғайсыз жағдай болды. Қазіргі уақытта Тәтжан Өтемісов еңбек демалысында. Жалпы, барлық аудан әкімдеріне карантиндік шаралардың сақталуы туралы хабарланған. Барлық шаралардың сақталуын қамтамасыз ету үшін осы бағытта жұмыс істейтін арнайы бақылау топтары бар. Демалыстан шыққаннан кейін бұл жағдай заңды түрде қаралатын болады. Ақжол ауылдық округі әкімінің сайлауы 30 қазанға жоспарланғанымен, үміткерлер арасында қазіргі әкім Татжан Өтемісов жоқ", - деді Ердос Үмітов.