Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

ШҚО-да аудан әкімі қызметкерінің кесірінен отставкаға кетті

Олар тіпті Президент атына өтініш жазып, Тамара Рахымжанованы қызметінде қалдыру туралы ұсыныс білдірді.

ШҚО-да аудан әкімі қызметкерінің кесірінен отставкаға кетті
фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімі Тамара Рахымжанова қарамағындағы қызметкерді жемқорлық қылмысы үшін соттағаннан кейін қызметінен кетті,  деп хабарлайды Paryz.kz

Тамара Рахымжанова өзінің кететіні туралы Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Ол отставкаға кету себебін де сол жерде жазды.

Менің орынбасарларымның бірі сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" ҚР Заңының 60-бабына сәйкес, егер тағайындалған күннен бастап үш ай өткеннен кейін тікелей бағыныстыларға сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалған жағдайда аудан әкімі орнынан түсуге өтініш береді.

2021 жылдың 19 қарашасында аудан әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс бойынша ШҚО Апелляциялық сотының үкімі шығарылды. Соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес отставкаға жазбаша өтініш бердім, – деп жазды ол.

Тамара Рахымжанова Глубокое ауданының әкімі қызметіне 2020 жылдың 18 қыркүйегінде кіріскен. Желідегі жазбасында осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Жазба астындағы пікірлерден аудан тұрғындарының әкімге деген ыстық лебізін сезінуге болады. Олар тіпті Президент атына өтініш жазып, Тамара Рахымжанованы қызметінде қалдыру туралы ұсыныс білдірді.

"Сіз ауданымызға көп өзгерістер енгіздіңіз, рахмет сізге”, “Қыста тоңдырмай,күзде жауратпадыңыз, жазда жылылық сыйлап, көктемде өмірімізді қайта көктеттіңіз”, “Сіз отставкаға кетуге мәжбүр болғаныңыз өте өкінішті. Бірақ облыс әкімі бұл тәсілді қайта қарастыруы мүмкін”, йПрезидент атына біздің әкім Тамара Анатольевнаның қызметін қалпына келтіру туралы өтініш жазу керек!”, – деп жазды желі қолданушылары.