Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ауылдарда соңғы 5 жылда 261 мектеп жабылған

Медпункттер де таратылуда. Сонымен, қазір жабылмай, "өлместің күйін кешіп отырған" ауылдар 34,9 мың білім беру мекемесі мен денсаулық сақтау нысандарына зәру.

Ауылдарда соңғы 5 жылда 261 мектеп жабылған
фото: jasqazaq.kz

Соңғы 5 жылда Қазақстан ауылдарында 260-тан астам мектеп жабылған, деп мәлімдеді "Атамекен" ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов. Бұл туралы paryz.kz ақпарат порталы жазды.

"Қазіргі таңда ауылдарда ел халқының 41%-ы тұрып жатыр. Бұл ретте жыл сайын тарату немесе оларды әкімшілік-аумақтық құрамға қосу есебінен ауылдардың қысқаруы байқалуда. Мәселен, соңғы 5 жылда 393 ауыл жабылып, 6 322-сі ғана қалды. Осы жылдар аралығында жалпы білім беретін мектептің де 261-і жойылып отыр", - деді Мырзахметов бүгін Парламент тыңдалымында.

Оның айтуынша, медпункттер де таратылуда. Сонымен, қазір жабылмай, "өлместің күйін кешіп отырған" ауылдар 34,9 мың білім беру мекемесі мен денсаулық сақтау нысандарына зәру.

"Халықтың жақсы тұрмыс-тіршілігіне қажет инфрақұрылымға келсек, сауалнама халықтың келесідей қажетілігін көрсетті: денсаулық сақтау және білім беру нысандары – 34,9 мың бірлік; өндіріс және инфрақұрылым нысандары – 26,3 мың бірлік; сауда және ойын-сауық нысандары – 22,9 мың бірлік; халыққа қызмет көрсету нысандары – 17,8 мың бірлік", - деді Мырзахметов.