Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Денсаулық сақтау министрі Айна Бакеева болсын": Журналист ерекше ұсыныс айтты

Қарапайым адамдар да журналисті қос қолдап қолдағандай болды.

"Денсаулық сақтау министрі Айна Бакеева болсын": Журналист ерекше ұсыныс айтты
фото: ашық дереккөз

Халық денсаулық сақтау министрін өз арасынан сайлауды жөн санайды. Журналист Кенжегүл Тергембай Facebook-тегі парақшасында осы туралы сауалнама ретінде жазба жариялаған болатын. Сол жердегі пікірлер ойымызға дәлел болмақ деп хабарлайды Paryz.kz, kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Цой кетті дей ме?!

Халықтың арасынан Министр шығаруға болмай ма?!

Лажы болса Денсаулық Министрі ретінде АЙНА БАКЕЕВАны тағайындар едім.

Сіздер не айтасыздар?! — деп жазды журналист.

Қарапайым адамдар да журналисті қос қолдап қолдағандай болды.

«Айна болсын», «Айна дәрігер лайықты», «Халқына жаны ашитын жалғыз дәрігер», «Қолдаймын, бірақ қоймайды ғой», Керемет болар еді. Адам жанының арашасы», — деп жазды желіде.

Айта кету керек, пікірлер екіге бөлінді. Бірі — авторды қолдаса, енді бірі — бұл шешімнің басқа қыры туралы сөз қозғады.

«Бізде таңдау жоқ. Тағы бір Цойды қоя салады ғой. Халық пікірін қайтеді», «Байтал шауып бәйге алмас деген, еркек құрып қалған жоқ қой, жаны таза, жүрегі жылы бір азамат табылар», «Басқа-басқа бірақ аттандап жүрген хайпажорлар министр болмай-ақ қойсын», «Цойдың орнына бір «қой» келіп жүрмесін деп тілейік», «Егер үкімет шын халыққа жаны ашыса, онда Айна Бекееваны қоюға болады. Ең бастысы, оны бостандыққа шығарып, қудалауды қою керек», — деп жазды желі қолданушылары.